Ауданымызға дүниеге мәшһүр, тарих ғылымының докторы, профессор, Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округіндегі Патшалар жазығынан Қазақстандағы үшінші «Алтын адамды» тапқан Әбдеш Тәшкенұлы Төлеубаев келді.
Ғалыммен аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері басшылары Бек Нұғыбаев пен Әлібек Саржанов және аудандық маслихат депутаты, «Жұлдыз», «Новая жизнь» газетінің, «Кokpekti» журналының редакторы Дархан Берді-бек кездесті.
Каждый из нас, несомненно, согласится, что без культуры жизнь была бы серой и унылой. Эта сфера дарит людям яркие эмоции и впечатления. Работники культуры создают особый мир, в котором можно отвлечься от трудовых будней, всех забот и насладиться отдыхом в полной мере. Это профессиональный праздник тех, кто ежедневным трудом увлекает за собой в мир прекрасного и взрослых, и детей. Они любят своё дело и верны ему долгие годы.
Қоғамның армиямен байланысын нығайту, әскери қызметшілер бойында қазақстандық патриотизм, интернационализмді қалыптастыру, Қазақстан Респу-бликасының Қарулы Күштері қатарында қызмет етуді мақтан тұту, аға ұрпақтың жауынгерлік дәстүріне, әскери борыш пен әскери антқа адалдық сезімдерін тәрбиелеу - әскери тәртіпті, тұтастай алғанда, ұрысқа әзірлікті күшейтуге осы әскери-далалық жиыны ықпал етеді.
Бұл орайда жасөспірімдердің әскери-далалық жиынында алған іс-тәжірибе шеберліктері де өз үлесін қосады. Әскери дала жиынын сапалы өтуіне оқу материал базасы көп рөл ойнайды. Аудан мектептерінің 10-сынып оқушылары Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектепте бес күндік әскери-далалық жиынын өткізуге жиналды. Жиынға барлығы 70 курсант жиналып, төрт взводқа бөлінген. Лагерь бастығы ауданға белгілі тәлімгер Октябрь мектеп-балабақша кешені мұғалімі Василий Петрович Онищенко тағайындалған.
Белгілі жаттықтырушы Бақыт Рахимов дайындайтын таэквандошылар Моңғолияның астанасы Ұлан-батыр қаласында өткен Азия құрлығы чемпионатынан жеңіспен оралды. Анатолий Бойков алтын медаль иеленсе, Рахат Байсақалов қола жүлде алды. Жеңімпаздарды аудан орталығы Көкпекті ауылындағы жан-күйерлері көкбайрақты желбіретіп автошерумен қарсы алды.
Белгілі жаттықтырушы Бақыт Рахимов дайындайтын таэквандошылар Моңғолияның астанасы Ұлан-батыр қаласында өткен Азия құрлығы чемпионатынан жеңіспен оралды. Анатолий Бойков алтын медаль иеленсе, Рахат Байсақалов қола жүлде алды. Жеңімпаздарды аудан орталығы Көкпекті ауылындағы жан-күйерлері көкбайрақты желбіретіп автошерумен қарсы алды.
Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні, Көкпекті ауданнының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің нұсқауымен Самар ауылында Сарыбел ауылдық округінің ауыл шаруашылық жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкеде сүт ет, балық және тұз-далған көкеністер, тосап сатылды.
Сонымен қатар ауыл тұрғындары, ұстаздар, оқушыларда келіп, өздеріне ұнаған тағамдарды сатып алды. Жәрменкеде ауылдық округтен арзан бағамен ет сүт өнімдері сатылып, ауыл тұрғындары жәрмеңе бағасына ризалығын білдірді. Сарыбел ауылының жәрмеңкесінда сауда қызу өтті.
Аталмыш жәрмеңкені ұйымдастыруға қол ұштарын берген ауыл тұрғындары Қайырзада Смағұлова, Ахмет және Гүлнар Смағұловтарға және Ольга Стряпчеваға округ әкімі және әкімшілік қызметкерлерінің алғыстары шексіз.
Әсем Арыстанғалиева, клуб меңгерушісі
Сәуірдің 24-30 күндері аралығында елімізде иммунизация апталығы өтті. Осыған орай ағымдағы жылдың, 28 сәуір күні Көкпекті ауданының орталық ауруханасында бүкіләлемдік иммунизация апталығы аясында «Екпе егу! Баланың қауіпсіздігі - ата-аналардың қамқорлығында» атты конференция өтті.
Жиынға аудандағы денсаулық сақтау саласы мамандары мен мекеме ұйымдары қа-тысты. Шараның бас-ты мақсаты – халықтың вакцина мәселелері бойынша сауаттылығын арттыру болып отыр. Себебі, кейбір ата-ана діни көзқарасы бойынша екпе алуды қажет деп таппайды.
Елді елеңдетіп отыр-ған мәселенің бірі – екпе (вакцина). Бұл – балаларда кездесетін түрлі жұқпалы аурулардың алдын-алу үшін егіледі. Өкінішке қарай, екпе егуге қарсы ата-аналар көбейді. Денсаулық сақтау қызметкерлері болса, баланың өмірін ұзарту үшін қолданатын екпенің зияны жоқ екенін айтып, шырылдап бағуда. Мамандардың пікірі, екпесіз ұлттың ертеңі бұлыңғыр дегенге саяды.
Өткен аптада, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Ел жүрегі-Астана» атты Көкпекті ауданы балалар өнер мектебінің есеп беру концерті өтті. Жоғары деңгейде өткен концерттің көрермен көңілінен шығуы жолында аз тер төгілмегені көрініп тұрды. Өнерімен өрге жүзген өрендердің таланты шынымен де, тамсандырмай қоймайды.
Көкпекті ауданындағы «Балалар өнер мектебінің» 2017- 2018 оқу жылғы жұмысының қорытындысы бойынша 2018 жылдың 4 мамыр күні Көкпекті ауылы Қалихан Алтынбаев атындағы Мәдениет үйінде Саз мектебі оқушыларының шығармашылық концерті және қол-данбалы қолөнер, бейнелеу өнері үйірмелерінің жұмыстары бойынша көрме ұйымдастырылды. Көрмеге «Қолданбалы өнер» және «Бейнелеу өнері» үйірмелерінің жұмыстары қойылды. Іс-шараға өнер мектебінің ұжымы белсене қатысып, әр үйірме жетекшілері жыл бойына істеген жұмыстарының нәтижелерін көрсетті.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.
<< | < | Мамыр 2018 | > | >> | ||
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |