Тұрғындарды жұмыспен қамтып, шаруашылығын дөңгелетіп отырған округтегі ірі шаруа қожалығының бірі «Нива» болып табылады. Қожалыққа жасы алпыстың алтауын алқымдаған агроном Иван Александрович Похоров пен сала ардагерінің өмірлік жары Любовь Васильевна басшылық етеді.
- Шаруақожалығы құрылғалы 20 жылдан асты. Сол мезгілден бері тек бір бағытта – өсімдік шаруашылығында ғана еңбек етіп келеміз. Бұл салада қолданылатын жаңа әдістер мен технологияларды меңгере отырып, осы уақытқа дейін жинаған бар күш-жігеріміз бен тәжірибемізді еңбек өнімділігіне салуға тырысамыз. Меншігіміздегі 600 га жерге егін егеміз. Оның негізгі бөлігін бидай алса, одан бөлек, сұлы, арпа және күнбағыс дақылдары бар, - дейді шаруашылық басында тиянақты еңбек ететін Любовь Васильевна. – Еңбек күші уақыт ағымымен бірге жасарып келеді. Ардагер жұмысшыларымыздың орнын олардан кем түспейтін еңбекқор ұлдары басады. Біз оларға әрдайым қолдау танытуға тырысып, біліктіліктерін арттыру курстарына жіберіп тұрамыз.
Арадан алынатын өнімдер халық шаруашылығында кеңінен қолда-нылып келеді. Балды тағам ретінде, ара балауызы кәсіпорын салаларында шикізат ретінде қолданылуда. Кейінгі жылдары медицина мен ветеринария тәжірибесінде, сонымен қоса, косметика саласында ара шаруашылығы өнімдерін пайдалануда. Бал бүгінгі таңда жоғарғы тағамдық өнім ғана емес, сонымен қатар, көптеген аурулардан емдік зат болып табылады. Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер, ежелгі дәрігерлер мен философтар ұзақ жасау диетасы ретінде жоғарғы баға берген.
Айтуға жеңіл болғанымен, кішкентай үйшіктердегі аралармен айналысып, олардан бал алу ұзақ уақыттық еңбекті қажет етеді. Осы саланың еңбеккерлерін омарташы деп атайды. Солардың бірі «Фацелия» қожалығының басшысы Александр Матвеевич Шаров.
Аталған шаруашылық біршама жылдар бойы еңбек етіп келеді. Осы уақыттың ішінде ол шағын омартадан 800 гектар жерді алып жатқан 200 омартасы бар үлкен фермаға айналып үлгерген. Бұнда тек сапалы бал алу ғана емес, осы жердің табиғатына бейімделген араларды өсіру жұмыстары да атқарылады. 2010 жылдың қараша айында «Фацелия» қожалығы асыл тұқымды щаруашылық мәртебесіне ие болды. Облыстық және республикалық сауда жәрмеңкелерінің, сондай-ақ, Халықаралық омарташылар фестивалінің тұрақты қатысушысы болып табылады. Нақтырақ айта кетер болсақ, Александр Матвеевич 2013 жылы Халықаралық омарташылар фестивалінде алтын төсбелгімен марапатталған. Сонымен қоса, балдың сапасы бойынша 3 орын иеленді.
Ел тұтқасын ұстаған Елбасының «Жаңғырту – 3.0. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауында алға қойылған бағыттарды орындау елеулі міндет. Аталған мақсаттарды жүзеге асыру аясында Мариногорка ауылдық округінде тұрғын халықтың әлеуметтік жағдайын жоғарылату, ауыл шаруашылығын дамыту, сондай-ақ, кіші және орта бизнесті дамыту салаларында белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.
- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті жолдауында ел экономикасын жаңғыртудың үшінші кезеңі – Қазақстан экономикасын қарқынды технологиялық жаңғырту басталғанын айтты. Уақыт бір орында тұрмайды, ол әрдайым тарих кітабының жаңа парақтарын ашады. Демек, жаңғыру да тарихпен бірге жалғасын тауып отырады. Зымыраған уақыттың көшінен қалмай, түтіні түзу ұшатын ел болу үшін маңызды қадамдарға әрдайым дайын болып, үлкен өзгерістерге бейімделе білу қажет. Бұл біздің еліміздің әр азаматының жарқын болашағын өздігінен құруына мүмкіндік беретін үлкен жол, - дейді округ әкімі Қайдар Сұрашев.
Өткен аптада Көкпекті ауылында аудан әкімінің орынбасары М.Теміржановтың төрағалық етуімен кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия отырысы болып өтті. Күн тәртібінде кәмелеттік жасқа толмағандардың ұрлық жасау фактісі бойынша үш мәселе қаралды.
Ағымдағы жылы аудандық ІІБ кәмелетке толмаған балалардың дүние-мүлікке ұрлық жасауы бойынша 4 қылмыстық іс қозғалған. Көкпекті аудандық сотының шешімімен оларға тиісті жаза қолданылған болатын.
Ауылдың сыртқы көрі-нісі, оның гүлденуі мен көркеюі жасалған еңбектің, тұрғындардың адами қасиеті мен эстетикасының айнасы болып табылады. «Сырт көз – сыншы» деген. Олай болса, Көкпекті ауылына келген адам оның сыртқы көрінісіне қандай баға берер еді? Дәл қазіргі уақытта бұл жауабы оңайлықпен беріле қоймайтын сауалға айналды.
Әрине, ауылдық округ әкімшілігі тарапынан бұл мәселе назарға алынып, жұмыстар жүргізіліп-ақ жатыр. Алдымен мұны әкімшілік ғимаратының ауласынан байқаймыз. Түрлі-түсті гүлдер отырғызылып, көгалдандырылған жер құлпырып, аулаға ерекше сән беріп тұр. Айналадағы арамшөптер қырқылып, темір қоршау боялған. Сондай-ақ, аудандық және ауылдық әкімшілік алдындағы жолдың шетіне гүлзарлар қойылған болатын. Қазір онда әрдайым суарылып тұратындықтан жайқалып, күн нұрына малшынған қанық түсті гүлдер өсіп тұр. Ауыл орталығындағы дүкендер маңындағыа көлік тоқтайтын орынға асфальт төсеу жұмыстары да қарқынды орындалып жатыр.
2012 жылдың жазында Новостройка ауылында ауданымыздың барша бүлдіршіндерінің қуанышын еселеп, Миролюбовка ауылы орта мектебінің негізінде ашылған «Балауса-2» балажайы бүгінгі күнде де демалушы балалардың көңіліндегісін тауып, олардың жаздың күндерін жарқын сәттермен өткізулері үшін белсенді жұмыс жасап отыр. Айымыз оңынан туып, біз Ертегілер әлеміне арналған сахналандырылған көріністер шарасының үстінен түстік. 3 топқа бөлінген балалар барлығына таныс, сүйікті ертегілерін жаңа ағымға сай өзгертіп, назарға ұсынуда екен. Барлығымен бірге сүйсіне қошеметтеп отырып, олардың ойының ұшқырлығына, кейіпкерлерін сомдаудағы дарындылықтарына таңдай қақтық. Бұл шара балажайда өткізілген жалғыз мереке емес. Оны бізге шаттықтарын жасырмаған балалар таласа-тармаса өздері айтып берді.
На сегодняшний день в главной отрасли, которая оказывает большое влияние на экономическое развитие Кокпектинского района - в сельском хозяйстве стала актуальной тема возникновения вспышек бруцеллеза в нескольких сельских округах. Глава района Р.Н.Сагандыков постоянно держит на личном контроле данную проблему, неоднократно обсуждая на аппаратном совещании меры, направленные на ликвидацию последствий заболевания и выявляя причины его распространения.
На прошлой неделе в Кокпектинском районном суде председателем суда А.Бакытбекулы была проведена пресс- конференция по итогам 6 месяцев 2017 года, в ходе которой были озвучены статистические данные за 6 месяцев 2017 года.
Так, за указанный период 2017 года рассмотрено 17 уголовных дел в отношении 19 лиц, из них вынесены приговора по 9 делам в отношении 10 лиц, тогда как за указанный период 2016 года рассмотрено 20 дел в отношении 24 лиц, в том числе вынесено 11 приговоров, также в отношении 15 лиц, оправдательных приговоров и прекращений дел по реабилитирующим основаниям судом не выносилось. Гражданских дел рассмотрено -186, из них вынесено 95 решений,53 судебных приказов и 38 гражданских дела рассмотрено в упрощенном производстве, в аналогичном периоде 2016 года рассмотрено 150 дел, административных дел рассмотрено- 162дела, в 2016 году - 157 дел.
«Туған жер» ұғымы – адам жанына жылылық ұялататын өте ыстық ұғым. Әдетте, туған ауылынан жырақта тұратын ер-аза-маттар қайтып оралғанда сү-йіспеншілігі терең-деп, өз ауылына қызмет етуге деген құлшынысы артатыны рас.
Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап ауылымызға әкім болып келген Шұғылбайдың төл тумасы Қайрат Алғазиновтың халықпен етене араласып кетуінің өзі туған ауылға деген үлкен махаббаттың белгісі. Қайрат әкім болып келгеннен бері ауылымыздың көркі кіріп,ел ішіндегі немқұрайдылық пен тек өзімде болса болдыдеген ой сейілгендей.
2012 жылдың жазында Новостройка ауылында ауданымыздың барша бүлдіршіндерінің қуанышын еселеп, Миролюбовка ауылы орта мектебінің негізінде ашылған «Балауса-2» балажайы бүгінгі күнде де демалушы балалардың көңіліндегісін тауып, олардың жаздың күндерін жарқын сәттермен өткізулері үшін белсенді жұмыс жасап отыр.
Айымыз оңынан туып, біз Ертегілер әлеміне арналған сахналандырылған көріністер шарасының үстінен түстік. 3 топқа бөлінген балалар барлығына таныс, сүйікті ертегілерін жаңа ағымға сай өзгертіп, назарға ұсынуда екен. Барлығымен бірге сүйсіне қошеметтеп отырып, олардың ойының ұшқырлығына, кейіпкерлерін сомдаудағы дарындылықтарына таңдай қақтық. Бұл шара балажайда өткізілген жалғыз мереке емес.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.
<< | < | Шілде 2017 | > | >> | ||
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |