Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өлкеміздің басты байлықтарының біріне саналатын балықтың уылдырық шашатын уақытына орай облыстың су қоймалары мен өзен-көлдерінде 16 сәуір - 30 мамыр аралығында балық аулауға қатаң тыйым салынған.
Осы тыйым салу уақытында Көкпекті инспекция бөлімінің мемлекеттік инспекторлары уақытпен санаспай, ауа-райының қолайсыздығына қарамай, балықтың уылдырық шашуына барлық жағдай жасап, күндіз-түні еңбек етті. Арнайы штаб құрылып, кезекшілік қойылды. Үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, Көкпекті ауданының прокуратурасымен, ІІБ бірлесіп, жұмыс жоспары бекітіліп, рейдтер өткізілді.


Тыйым айлығында 32 шұғыл рейд өткізіліп, құқық бұзушыларға 13 дана хаттама толтырылып, 3 азаматқа келтірген зияны үшін 14748,5 теңге айыппұл салынды.
Табиғат байлығын тонаушылардан 10 ау, 1436 кг. балық, 2 қайық тәркіленді. Тыйым айлығы кезінде заңсыз балық тасымалдаумен және аулаумен айналысқандарды атап кетейік: Үлгілімалшы аулының тұрғындары: Марат Рахымбаев, Архат Калелов, Бақытбек Тұрғанбаев; Тассай ауылының тұрғындары: Қуат Қуанов, Жандос Тұрсынов, Ержан Назарбеков, Владимир Захаров; Зырян қаласының тұрыны: Сергей Карташов.
Осы айлық кезінде балық инспекция бөлімінің инспекторлары ғана емес, зиялы азаматтар да атсалысса деген тілегіміз бар. Тоқ етерін айтқанда, тыйым айлығының тиянақты өтуіне жеке мән беріп, табиғат байлығын қорғап қалайық.

Қ. Сейтов,

Көкпекті инспекция
бөлімінің басшысы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз