Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жылдың алғашқы аптасында қоғамды екі сауал мазалады. Ол 2017 жылы қабылданған жаңа заңдарға қатысты еді. Бірі - сақшылардың ала таяқсыз көліктерді қозғалысқа келтіруі болса, екіншісі, азаматтардың уақытша тіркеу туралы заң талаптары. Қос мәселе де қызу талқыға салынып жатыр. Бірі даттап, бірі жақтап өз пікірлерін білдіруде.
Қазақстан азаматтарын уақытша мекен-жайы бойынша тіркеуге алу туралы заң қазір қызу талқылануда. Осы ретте Көкпекті ауданының ІІБ басшысы Қайрат Бытебаев әңгімелеп берген болатын. Ол елімізде азаматтарды уақытша мекен-жайы бойынша тіркеу туралы көші-қон заңдарына енгізілген түзетулер биылғы жылдан бастап күшіне енгенін, ендігі уақытта тіркеудің міндетті талапқа айналғанын атап өтті.


- Меншік иелерінің тұрғын үйде азаматтарды тіркеусіз оларды 10 тәуліктен артық тұруы үшін, Қазақстан Республикасының «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне енгізді.
Сондай-ақ, азаматтардың тұрғылықты жерінде тіркеусіз тұру бо-йынша жауапкершілігі де енгізілген. Сонымен қатар, 1-3 айға дейін тіркеусіз тұрған азаматтар үшін «ескерту» беріледі. Осы заңның нормалары сақталмағаны үшін, меншік иелері тұрғын үйлерін жалға беруі және уақытша тұратын азаматтар үшін әкімшілік айыппұл ретінде қарастырылған. Мәселен, уақытша тіркеу мерзімі 10 күнтізбелік күннен бір айға дейін тұрған жері бойынша ескерту жасауға әкеп соғады. Бір ай өткен соң, қазірдің өзінде қолданылатын айыппұл санкциялары 7 АЕК мөлшерінде – 15 883 теңге. Пәтерлерін жалға берушілер және сол пәтерде тұратын азаматтар тіркеуде жоқ болса, әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Айыппұл сомасы 10 АЕК– 22 690 тг. құрайды.
Егер көрсетілген құқықбұзушылықтар қайта қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде анықталса, әкімшілік жаза көзделіп, айыппұл мөлшері 20 АЕК– 45 380 тг. болады.
- Тұрғылықты жері бойынша тіркеу талаптары туралы, жалпы әлемдік тәжірибе болып табылады. Қазақстанда халықты есепке алуды тұрғылықты жері бойынша және заң жүзінде қарастырылған, - дейді Қайрат Бейсембайұлы. - Сонымен қатар, міндеті түрде тұрғын үй иелері, тұратын азаматтарды тіркеуді қамтамасыз етулері тиіс. Аталған заң заңнамадағы бұл олқылықты жояды.
- Азаматтарды тіркеу тұрақты тұратын жері бойынша немесе уақытша болатын ішкі істер органдарына өтініш беру арқылы немесе халыққа қызмет көрсету Орталығында (ХҚКО) автоматтандырылған режимде жүзеге асырады. Азаматтарды қабылдау кестесі ХҚКО -да: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, түскі үзіліссіз, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Көкпекті ауданы АІІБ деректері бо-йынша осы заңдар күшіне енген сәттен бастап, бөлімде біршама жұмыстар атқарылды.
Ағымдағы жылдың 5 айында Көкпекті ауданының аумағында уақытша тіркелген азаматтардың саны 195. Уақытша тіркелу үшін үй иесінің келісімі,жеке куәлігі және үйдің құжаттары қажет. Сондай-ақ, жеке куәлігі және 226,9 теңге мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек болуы керек.
Бұл тіркеу – бұл азаматтың заңды мекенжайы, жалға алушының меншік құқығын алу және тұрғын үйге құқы жоқ екенін атап өту керек.
Жалпы, біздің елімізде заңнаманың талаптарын түзету туралы тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жерін тіркеу мүмкіндігін беріп, азаматтардың мүдделерін тиімді қорғауға, сондай-ақ, ішкі көші-қон үшін бақылау мүмкіндіктерін жақсартады.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз