Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2015 жылдың 13 шіл-десінде Көкпекті аудандық сотында сот жұмысының қорытындысы бойынша брифинг жүргізілді. Брифингке сот төрағасының міндетін атқарушы Ә.Бақытбекұлы қатысып, Көкпекті аудандық сотының ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жұмысының қоры-тындыларын хабарлады.

Жалпы 2015 жылдың 6        айында іс жүргізумен барлығы аяқталған 141 азаматтық іс, оның ішінде 24 сот бұйрығы шығарған. Ал, қылмыстық істер бойынша 14 қылмыстық іс жүргізумен аяқталған. Сонымен бірге, 210 әкімшілік іс қаралумен аяқталған.

 

Аталған жартыжылдықта судья әдебінің нормасы, орындау және еңбек тәртібі сақталған.

Судьялардың кәсіби дең-гейін арттыру мақсатында 40 семинар, 10 дөңгелек үсел өткізілген. Атап айтқанда «Сыбайлас жемқорлыққа қар-сы күрес», «Сот кабинеті», «Шешім», «ҚР АІЖК-нің талаптарын сақтау», «Мемлекеттік тіл – ұлт болашағы», «Медиация», «Гендерлік саясат», «Кезектен тыс президенттік сайлау» т.б тақырыптарда семинарлар мен «Сот актілерін орындау», «Әкімшілік істер бойынша сот отырысының қатысушыларын электронды түрде хабардар ету» сынды дөңгелек үстелдер өткен.

Көкпекті аудандық сотының судьяларының өздігінен білім алуын жетілдіруге арналған семинар сабақтарының 2015 жыл-дың бірінші жартыжылдығына арналған жоспары бекітіліп, толығымен орындалып, судьялар Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары өткізген семинарларға үнемі қатысып отырған.

Сотта арнайы Көкпекті ау-дандық сотының ресми сайты бар. Оған жауапты кеңсе меңгерушісі Ш.Қалдыбаева, қа-ралған істер мен жаңалықтар бойынша ақпарат салып тұрады. «Сот залынан» тақырыптағы жаңалықтарға қаралған істер  бойынша мәлімет енгізілді. 2015 жылдың 6 айында облыстық соттың сайтына 2 жаңалық және аудандық соттың сайтына әр түрлі тақырыпта 114 жаңалық енгізілген.

2015 жылдың басынан бастап, бүгінгі  күнге дейін баспасөз беттерінде сотты, сот қызметкерлерін сынап, жала мақалалар жарияланбаған.

Сонымен қатар, аудандық сотта заманауи ақпараттық технологиялар жоғарғы деңгейде пайдаланылады. Жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін 1254 сот  актілеріне электрондық сандық қолтаңба қойылған. Сот отырысы өтетін залға дыбыс бейнежазба құралы орнатылған.

Жанерке АБЫЛХАН

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз