Көпке сыйлы, ауызбіршілігі жарасым тапқан отбасына мұндай баға беруге әбден болады. Осындай үлгілі жанұяның бірі – Көкпекті ауданы, Шұғылбай ауылында тұратын үлгі тұтарлық жас отбасылардың бірі – Серікқазы Ахмадиевтың жанұясы.
2001 жылы Серікқазы мен Бақытгүл екеуі отбасын құрған, бүгінде 4 қыз тәрбиелеп отырған жарасымды жұп. Серікқазы ауылдағы ірі шаруа қожалықтарының бірі «Салтанатта» еңбек етсе, жұбайы Жұбайы - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, ұлағатты ұстаз, жоғары санатты тәжірибелі білікті маман. Бақытгүл ауылдағы орта мектепте оқушыларға ағылшын тілінен сабақ береді. Жұмыспен қатар үй шаруасы, балалардың тәрбиесі тағы бар. Оған да уақыт табатын Бақытгүл отбасының береке-бірлігін сақтауда. Отбасы бақыты- тату-тәтті өмір сүру, перзент сүйіп, сол перзентінің жарқын болашағын қамтамасыз ету .Өйткені бала отбасының негізгі қазығы. Бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі – ата-ана – деп, санайды отағасы Серікқазы. Үлкен қыздары – Ақбота Семей қаласының Р.Байсейітов атындағы қаржы-экономика колледжінде білім алуда. Ол өнерге жақын. Ақбота Серікқазықызы мектеп қабырғасында оқып жүргенде, көптеген ән байқауларында жеңіске жетіп, талай мәрте мерейімізді үстем етті. Ал, одан кейінгі – Дильназ бен Томирис болса, І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің үздік оқушылары. Үйдің кенжесі Дәрия қазір екі жаста. Бақытгүл апай қыздарын жастайынан еңбекке баулыған.
Ынтымағы жарасқан Ахмадиевтар отбасының көрсетер өне-гесі мол.– Бүгінде осындай тату-тәтті, бақытты отбасы атанып отырғанымыз сыйластықтың арқасы, – дейді Серікқазы аға. Осындай көпбалалы жанұяда, өнегесі мол ардақты ананың тәрбиесін көрген Серікқазы ағамыз бен Бақытгүл апайдың келешек жастарға берер тәрбиесі мол, үлгі боларлық отбасы.
Аудан мәдениетінің дамуына үлес қоса жүріп, бала тәрбиесін басты назарда ұстаған бұл отбасы кейінгі жас отау иелеріне үлгі болары сөзсіз.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.