Көкпекті ауданына вирусқа деген иммундық жүйенің реакциясын бағалайтын экспресс-тесттер жеткізілді деп хабарлайды орталық аурухананың эпидемиолог дәрігері Елена Сорокина. Маманның мәліметі бойынша 25 сәуір күні орталық аурханаға Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан 425 дана бір реттік қолдануға арналған экспресс-тест бөлінген. Тест жүйелері облыс әкімінің тапсырмасы негізінде облыстық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған және тестілеу Көкпекті ауданы тұрғындары үшін тегін болады.
Экспресс-тестінің өзі бірнеше реагент жағындысымен кірік-тірілген тест-жолағы бар бір реттік пластик құрылғыдан тұрады. Тестілеу үшін күр-делі құрылғы қажет емес. Талдауға қан саусақтан алынады, барлық пайдаланылатын аспаптар стерильді және бір реттік. Осындай тестілеу қорытындысын 15 минут ішінде алуға болады.
Экспресс-тест арқылы коронавирус инфекциясына диагноз қойылмайтынын атап өту маңызды, өйткені ол ағзадағы вирусты анықтамайды, тек қана вирусқа деген иммундық жүйенің реакциясын бағалайды.
Нәтиже оң болған жағдайда экспресс-тест 2 жолақты, егер теріс болған жағдайда 1 жолақ көрсетеді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік Бас санитарының 14 сәуірдегі №14 Қаулысына сай экспресс тестілеуден өтуге келесі топтағы азаматтар жатады:
1. Тұмау және ЖРВИ белгісі бар тұрғындар;
2. Тыныс алу жүйесі ауруларымен диспансерлік есепте тұрған азаматтар;
3. Автомобиль өткізу пункттері мен темір жолдардағы мемлекеттік шекара өткізу пункттері арқылы Қазақстанға ЕАЭО елдері және Өзбекстан Республикасынан кірген азаматтар;
4. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу шараларына жұмылдырылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері. Ішкі істер Министрлігі, Қорғаныс Министрлігі, Ұлттық Ұлан, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті, әкімдік қызметкерлері және т.б.
5. Карантиндік аймақтардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіп-орындардың қызметкерлері. Коммуналдық қызметтердің, азық-түлік және дәрі-дәрмек сататын сауда нысандарының, көлік, жеткізіп беру қызметтерінің, дезинфекция қызметік көрсететін мекеме қызметкерлері.
6. Медициналық ұйым басшысының тізіміне сәйкес ауыр созылмалы ауруға байланысты шұғыл амбулаториялық-консультациялық көмекке мұқтаж пациенттер;
7. Тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша.
Сондай-ақ, барлық жүкті әйелдер ауруханаға түскеннен кейін коронавирусқа тексеріледі. Коронавирусқа тексерілу 14 күн аралығында 2 рет жүргізіледі.
Көкпекті ауданының орталық ауруханасында осы экспресс-тест жүйелерімен тексерілетін адамдардың аты-жөні көрсетілген тізім жасалды. Адамдардың көп шоғырлануының алдын алу мақсатында медициналық персонал тексеруге жататын барлық адамдарды телефонмен белгілі бір уақытта шақырады.
2020 жылғы 29 сәуірдегі жағдай бойынша Көкпекті ауданының орталық ауруханасында коронавирусқа антиденелер бар екендігі туралы 92 зерттеу жүргізілді, барлық нәтижелер теріс.
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.