Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

16 қаңтар күні Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің тұрғындарымен кездесуі Көкпекті ауылдық округімен қорытындыланды. Оған жергілікті тұрғындар мен Көкпекті ауылдық округ әкімі Қайрат Алғазиновтан басқа аудан басшысының орынбасарлары, дербес бөлімдер мен ұйымдардың басшылары, аудан орталығының әртүрлі салаларының өкілдері қатысты.

АУДАН ОРТАЛЫҒЫ
ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ ЖОЛЫНДА

Кездесу Көкпекті ауылдық округінің әкімі Қайрат Алғазиновтың өткен жылғы округтің даму қарқыны туралы баяндамасымен бас-талды.
Ол 2022 жылы ауылшаруашылық көрсеткіштері жайлы атап өтті. Округ бойынша 2023 жылдың 1 қаңтарына барлығы 9 952 бас ірі қара, 10 608 бас қой мен ешкі, 2 025 бас жылқы, 6 929 бас құс саны бар.
Өткен жылы 2158 тонна ет, 8 мың 745 тонна сүт, 1 млн 108 мың дана жұмыртқа өнімі өндірілді.


2022 жылы округтің егіс алқабы 22 мың гектарды құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 2460 гектарға жоғары. Оның ішінде дәнді дақылдар 2021 жылмен салыстырғанда 862 гектарға ұлғайды.
Жеке кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында 2022 жылы «КТ Көкпекті-Несие» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 876 млн. теңге көлемінде несие берді.
11 азамат «Еңбек» бағдарламасы аясында жаңа бизнес-жоспарларды іске асыру мақсатында грант алды. Оның ішінде 4 жас кәсіпкер (1 тұрмыстық химия дүкені, 1 техникалық қызмет көрсету орталығы, 1 сұлулық салоны, 1 фаст-фуд дүкенін ашу) және халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан 7 адам мал шаруашылығымен айналысу үшін жалпы сомасы 13 миллион 500 мың теңге көлемінде грант алды. Сондай-ақ 50 жаңа жұмыс орны ашылды.
Сонымен қатар ауданда жолдарды жөндеу және абаттандыру жұмыстары белсенді жүргізіледі. Жыл сайын ауылымызда абаттандыру бойынша айлықтар өткізіледі. Әзірленген іс-шараларға сәйкес ауылдық округте үлкен ұйымдастырушылық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауылдың тазалығы мен абаттандырылуы әр ауланың тазалығы мен абаттандыруынан басталады.
2022 жылы ауылдық округті абаттандыру, жарықтандыру және санитариялық тазалыққа 235 млн.700 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаражат шеңберінде келесі жұмыстар жүргізілді:
Көкпекті ауылында бағдаршам орнату – 20 млн. 541 мың теңге;
Көкпекті ауылындағы Жеңіс саябағын жөндеу – 9 млн. теңге, жоба аясында мемориал жөнделді, сынған элементтері ауыс-тырылып, жөнделді. Жаңадан 16 орындық алынды, барлық шағын архитектуралық формалардың және қоршаудың бояулары жаңартылды. Саябақтың екі жағындағы кіреберіс есіктеріне айналмалы қақпа, орындықтарды және қоқыс салатын жәшіктерді орнату жұмыстары жүргізілді.
Әбішев, Ырғызбай, Раев, М.Әуезов, Кенесары Бакин, Ұлы дала елі, Абай, Құдайберген Нұрғалиев, Тулебаев және Абылайхан көшелерінің жарықшамдарын орнату. Әкімшілік ғимаратты ағымдағы жөндеу. Көше жарығы, бейнебақылау камераларының қызметі. Көкпекті ауылында шарбақтар орнату. Көкпекті ауылында гүл егу жұмыстары. Шәріптоғай ауылының клубына қоршау орнату. Көкпекті ауылы аумағынан топырақты шығару. Ажа ауылында футбол алаңына жасанды газон төсеу. Қызметтік үйді ағымдағы жөндеу жұмыстары. Жиһаздар дайындау. Көше жарығын жөндеу жұмыстары. Шәріптоғай ауылы клубының жылыту қазандығын және жүйесін жөндеу. Көкпекті ауылына кіре берістегі арканы қалпына келтіру жұмыстары. Жастар саябағын жөндеу, аумақты сырлау жұмыстары. Көкпекті ауылының Кенесары Бакин және Раев көшелеріне көпір орнату. Көкпекті ауылының аумағынан шабылған шөптер мен жиналған қоқыстарды шығару. Абаттандыру жұмыстарын жүргізу.
- Алдағы уақытта көп жоспарлар күтіп тұр. Бұл-Шәріптоғай ауылында су құбыры желілерінің құрылысы, Көкпекті ауылының көшелерін жарықтандыру; Көкпекті ауылының көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда.
Ауылдық округ бойынша ауыл іші жолдарын қысқы мезгілде күтіп ұстауға қаражат бөлінді. Көктемнің келуімен Көкпекті ауылының көшелерінде орналасқан қашаларды, бордюрларды сырлау, ағаштарды әктеу, гүл егу жұмыстары басталады. Сондай - ақ көпқабатты тұрғын үйлердің аумағынан қоқыстарды шығаруға, қатты қалдықтар полигонын бұрғылауға және көше жарығы қызметіне қаражат қарастырылған, - деп атап өтті өз сөзінің соңында Қайрат Алғазыұлы.
Оған жергілікті тұрғындардан бірнеше сұрақтар келіп түсті. Мұғалім Айжан Орумбекова көшелерде қаңғыбас иттердің көптігі туралы мәселені көтерді. Оған бұл мәселе әкімдіктің бақылауында екенін, ветеринарлық қызметпен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Көкпекті ауылының тұрғыны Жұлдыз Садуақасова биыл Шериаздан көшесінде көше жарығы қосымша орнатыла ма - деп сұрады. Қайрат Алғазыұлы аталған көшені қосымша жарықтандыру жұмыстары жос-парланып, қарастырылатынын айтты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев «Заречный» ықшам ауданында орналасқан саябаққа жөндеу жұмыстары жүргізіле ме - деген сауал қойды. Бұл сұрақ бойынша саябақты жөндеу жұмыстары ағымдағы жылға жоспарланған. Егер аудандық бюджеттен қаржыландыру болса онда балалар алаңын жөндеу жұмысы жүзеге асырылады.

АУҚЫМДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ БІРЛЕСІП ШЕШУ

Одан әрі тұрғындардың алдында Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы Оразбаев сөз кезегін алды. Ауданымыздың өткен жылғы даму көрсеткіштеріне тоқталды. Белгілі болғандай, әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық дерлік негізгі көрсеткіштері (ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, негізгі капиталға инвестициялар, құрылыс жұмыстарының көлемі, тұрғын үйді пайдалануға беру, бөлшек сауда көлемі, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны) 2021 жылмен салыстырғанда өсті.
2022 жылы ауданның егіс алқабы 86 901 га құрады, 55,967 га жерге егістік дәнді дақылдар егіліп, орта есеппен гектарына 8-10 центнерден өнім алынды. 30 721 га жерге майлы дәнді дақылдар егіліп, орташа өнімділігі гектарына 10-11 центнерді құрады. 92 шаруа қожалығы қатысқан мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға көп көңіл бөлінді. 143 бірлік ауылшаруашылық техникасы мен оған қосалқы бөлшектер сатып алынды.
«Күшті өңірлер – елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасы аясында Көкпекті ауданында 2023 жылы келесі сумен жабдықтау объектілері бойынша жұмыстар басталады. Биғаш, Шұғылбай, Шәріптоғай, Мамай және Қарамойыл ауылдарында сумен жабдықтау желілерін салу.
2023 жылға «Паритет 50/50» мемлекеттік бағдарламасымен «Шәріптоғай ауылына кіреберіс» жолына орташа жөндеу, «Преображенка – Воздвиженка – Кіші бөкен» жолына орташа жөндеу, «Толағай ауылына кіреберіс», «Үлкенбөкен – Көкжайық – Үлгілімалшы» автомобиль жолын орташа жөндеуге қаражат бөлу жоспарланған.
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бо-йынша 2023 жылға Көкпекті, Үлкенбөкен, Преображенка, Черноярка, Тассай, Теректі, Шұғылбай, Үлгілімалшыға ауылішілік жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына қаражат бөлу жоспарлануда. Осы бағдарлама аясында келесі жылы Көкпекті, Үлкенбөкен, Преображенка, Көкжайық, Толағай, Шәріптоғай ауылдарында жарықтандыру жұмыстары жоспарлануда.
Білім беру саласына келетін болсақ, Амангелді орта мектебінде, Романов негізгі мектебінде, «Өрнек» жеке балабақшасында және Көкпекті - Толағайы бөбекжай-балабақшасында мектепке дейінгі қосымша топтар ашу қажеттілігі атап өтілді. Преображенка орта мектебін, Шәріптоғай негізгі мектебін, І. Жансүгіров атындағы орта мектепті, «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені», Воздвиженка шағын жинақты бастауыш мектебін ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінді. Сондай-ақ Преображенка орта мектебіне, І.Жансүгіров атындағы орта мектебіне және Абай атындағы мектеп-балабақша кешеніне жаңа модификация кабинеттерін сатып алуға қаржы бөлінді.
Көкпекті ауданында жас мамандарды қолдау аясында өткен жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында белсенді жұмыс жүргізілді. 25 маманға 90,9 млн теңгеге тұрғын үй сатып алуға несие берілді. 47 маман 14,9 млн теңге көлемінде көтерме қаражат алды.
Көкпекті ауданының білім саласын 2023-2025 жылдары үлкен жоспарлар күтіп тұр. Бұл Көкпекті ауылынан батысқа қарай 6 шақырым жерде 60 орындық «Балдәурен» жазғы демалыс лагерін салу және оның аумағын абаттандыру, 2023 жылы Көкпекті ауылының Көкпекті орта мектебіне автобус сатып алу, 2024 жылы Көкпекті ауылында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік есебінен 100 орындық балабақша құрылысын салу, 2023-2025 жылдары Преображенка ауы-лында 300 орындық мектеп салу, «Балерке» балабақшасына жапсаржайға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу, музыка және өнер мектебінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу.
Өткен жылы ауданның денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер болды. Аудандық аурухана ғимаратында екі лифтке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, аудандық аурухана ғимаратында су құбыры және жылу жүйесінің сыртқы желілері күрделі жөндеуден өтті. Аудандық аурухананың үш қазандықты ауыстыруымен күрделі жөндеу жүргізілді. 2023 жылы «Ауыл денсаулық сақтау саласын жандандыру» бағдарламасы бойынша Үлгілімалшы ауылында дәрігерлік амбулатория мен Биғаш, Шәріптоғай, Қарамойыл, Үшкөмей, Мамай ауылдарында медициналық пункттің құрылысы басталады.
Өткен жылы ауданның мәдениет саласында да ауқымды жұмыстар атқарылды. Шұғылбай ауылында 150 орынға арналған жаңа клуб, Шәріптоғай ауылында 100 орындық клуб ашылды. Аудандық кітапхананың жаңа ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, толық материалдық базамен жабдықталды. Үлкенбөкенде ауылдық клубтың сыртқы келбеті, жартылай төбесі, кіре беріс бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық мәдениет қызметкерлеріне оркестрлік және эстрадалық киімдер, музыкалық аппаратура, оркестр және вокалдық топ аспаптары сатып алынды. 2023 жылы клубқа жаңа жабдықтар сатып алу жоспарлануда. Шұғылбай және Үлгілімалшы ауылының клубына 10 домбыра және аппаратура сатып алу, Преображена ауылдық клубына ағымдағы жөндеу жұмыстары, Мамай ауылында 130 орындық, Толағай ауылында 80 орынға жаңа клуб салу, би залын құру. «Өрнек» ЖШС демеушілік есебінен би залын жасау. Аудандық әртістерге арналған әртүрлі эстрадалық костюмдер алу.
Ауданның спорт саласы бойынша да өткен жылы мақтанарлық тұстары бар. Ажа ауылында демеушілік қаражат есебінен шағын футбол алаңы, Теректі ауылында да осындай алаң ашылып, Көкжайық ауылының спорт залына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Келесі жылдың жос-парында «Ұлттық спорт ойындары» атты мемлекеттік коммуналдық орталығын ашу, Үлгілімалшы ауылында шағын футбол алаңын және «Стрит воркаут» алаңын салу жұмыстары бар.
2023 жылға мәдениет және спорт саласы бойынша ауқымды іс-шаралар жоспарлануда: «Толағай Сұлтаны» халықаралық спорттық -мәдени іс-шарасын, «Толағай таланттары» халықаралық әншілер арасында патриоттық әндер байқауын өткізу. Тассай ауылында «Бөдес Ата» мемориалдық кешенін ашу, республикалық айтыс ұйымдастыру, аналар арасында облыстық сайыс өткізу, Биғаш ауылында мешіт ашу.
Көкпекті ауданы тұрғындарының табысын арттыру бағдарламасы аясында Теректі және Тассай ауылдық округтерінде пилоттық жоба жүзеге асырылады. Сондай-ақ Көкпекті ауданының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарының жобасы әзірленді, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Аудан басшысының сөзінен кейін жергілікті тұрғындар көкейтесті де өзекті мәселелермен жүгінді.
Кездесу жиында ауыл тұрғындары наубайханадан шығатын ас атасына көңілі толмайтынын ашып айтты. Соның бірі аудандық аурухананың хирург дәрігері Махат Габдуллин нанның сапасы сын көтермейтін айта келе, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен бірге тексеру жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Сонымен қатар Махат Амангелдіұлы емдеу мекемесінде хирург маманының тапшылығын алға тартты. Тәжірибелі дәрігер, КДЕ меңгерушісі Нұрлан Әубәкіров Заречное ықшам ауданында құбыр жасалды, алайда ауыз су үйге кірген жоқ. Бүгінде ауыз суды ескі құбырынан алып отырмыз. – деген сұрақ көтерді. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы округ әкімі Қайрат Алғазыұлына суды үйге кіргізу үшін арнайы техникамен келісіп, оны оңтайлы шешуді тапсырды.
Жастар атынан сөз алған жас кәсіпкер, елжанды азамат Рахат Құсманов аудан жастарының басын қосатын Жастар орталығының ғимаратының жоқтығын, Көкпекті өзені суының төмендеп, қамыс шөп басуын, сәулеті келіскен «Оқушылар шығармашылығы сарайы» ғимаратының айналасы толығымен қоршалмағанын ашық айтты.
Аудан басшысы жалынды жастың сауалының орынды екенін айта келе, көтерілген мәселелер мүмкіндігінше іске асырылатынына уәде берді.
Ауыл тұрғыны Жұлдыз Садвакасованың көтерген мәселесі егде жастағы адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін аудандық аурухананың жедел-жәрдем бөліміне шығатын баспалдақтың талапқа сай еместігі.
Бұл мәселе бойынша аудандық аурухананың бас дәрігері Әсем Төлеуғазықызы жауап берді. Биылғы жылы жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде, алдағы уақытта құрылысы қайта салынатын болады. - деді.
Көкпекті ауылының тұрғыны Едіге Батыров бірден бірнеше сауал қойды. Біріншіден, ол электр энергиясының түнгі тарифін қолдануды ұсынды. Көбісі ауылдық жерлерде тұруына байланыс-ты түнде электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланады. Түнгі тарифті қайтару арқылы төлемақы құны айтарлықтай төмендейді. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының зейнетақыға төленетін қосымша төлемдеріне де тоқталды. Оның пікірінше, бұл халықтың ауылдық жерде тұруына деген құлшынысы болар еді дейді. Сондай-ақ жер телімдерін рәсімдеуге қатысты мемлекеттік құжаттарға немқұрайлылықпен қарау мәселесі талқыланды.
Кездесуді қорытындылай келе аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы аталған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жұмыстар реттілігіне сәйкес атқарылатындығын айтты.
Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ
Виктория ГАРМАШОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз