Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Балалар сұлулық, ойын, ертегі, музыка, сурет, қиял, шығармашылық әлемінде өмір сүруі керек».
В.А.Сухомлинский.

Бір кездері қосымша білім мектептен тыс тәрбие деп аталды. Бірақ бұл процестің мақсаты бір ғана баланың қызығушылығы мен қабілетін дамыту, оны шығармашылыққа баулу, салауатты өмір салты дағдыларын үйрету болды. Бірнеше ондаған жылдар бойы Кеңес Одағында тамаша мереке - Пионерлер күні аталып өтілетін. Мамыр айының жайма шуақ күнінде қызыл галстук таққан пионерлер туған өлкесі Самар ауылының көшелерімен маршпен жүретін. Заман өзгереді, біз де өзгереміз, бәрі тарихта қалады – ештеңе ұмытылмайды.


Самар пионерлер үйі 1959 жылы құрылған. Бұл техникалық шығармашылық үйірмелерінің қалып-тасып, белсенді жұмыс істеу уақыты. Ұжым жоғары жетістіктерге қол жеткізді, оқушылардың жұмыстары дипломдармен марапатталды. Пионерлер үйі ауыл мектептерімен байланысты нығайтып, олардың пионерлік жұмыстарын қызықты да мазмұнды етіп құруына көмектесті, оқушылармен олимпиадалар, слеттер, жарыстар, байқаулар ұйымдастырды.
Пионерлер үйінің жұмысы үш бағытта құрылды: әдістемелік, ұйымдастырушылық, үйірме жұмысы. Пионерлер үйі аға пионер вожатыйлары, бастауыш сынып мұғалімдері және сынып жетекшілері үшін әдістемелік жұмыс пен көмек көрсету орталығына айналды. Осы мақсатта пионерлермен, октябрьшылармен жұмыс тәжірибесін қорытындылау мақсатында семинарлар, оқудың әртүрлі формалары, көрсеткішті іс-шаралары өткізілді.
Аға пионер вожатыйларын, отряд кеңестерінің төрағаларын, пионер белсенділерін даярлауға басты назар аударылды. Пионерлер үйі мен музыка мектебінің ғимараты Горохов көшесінде орналасқан еді. Екатерина Федоровна Гончаренко ұзақ жылдар Пионерлер үйінің директоры болып жұмыс істеді.
Мұнда түрлі бағыттағы 19-дан астам үйірме жұмыстары жүргізіліп, оған мектеп жасындағы 290 бала қамтылды. Музыка мектебінде фортепиано, аккордеон, баян, домбыра, скрипка, орыс халық домбырасы, керней, кларнет сыныптарында ауыл жасөспірімдеріне музыкалық білім беріледі.
1993 жылы Пионерлер үйі балалар шығармашылығы үйі болып аталып, Советская көшесінің бойындағы (қазіргі Самарға 100 жыл) жаңа ғимаратқа көшірілді. Директор болып Дзюбина Светлана Викторовна тағайындалды.
Музыка мектебі де Советская көшесіндегі ғимаратта орналасқан, оның директоры Панюков Николай Иванович болатын.
Пионерлер үйінің тәрбиеленушілері өмірде қандай маман иесі болса да, біздің Пионерлер үйінің қабырғасында өткізген уақыттарын, сүйікті тәлімгерлерін ризашылықпен еске алады.

1996 жылы екі аудан біріктірілген кезге дейін Шығармашылық үйі «Тәрбие жұмысы орталығы» КМҚК болып атауы ауыстырылып, Штукерт Галина Аркадьевна директоры ретінде тағайындалды. Самар балалар музыка мектебінің директоры Казакова Светлана Станиславовна болды.
Балалар шығармашылық үйінің әр жылғы қызметі ерекше жемісті болды. Уақыт өзгерді, балалар өсті, сүйікті кәсібінде бірін-бірі алмастыратын жаңа мұғалімдер келді. Бірақ ондағы шығармашылық атмосфера мен балаларға деген сүйіспеншілік өзгеріссіз қалды. Өйткені, дәл осы жерде оқушының өзін-өзі тануы жүзеге асады, қызығушылығы қалыптасады, оқушылар іс-әрекеттің барлық саласында шабытпен жұмыс жасауға үйренеді.
Содан кейін 2006 жылы «Тәрбие жұмысы орталығы» КМҚК, Көкпекті балалар музыка мектебі, шығармашылық үйі мен Самар балалар музыка мектебін және шығармашылық үйін біріктіріп, «Балалар өнер мектебі» КМҚК болып қайта аталды. Балалар өнер мектебінің әр жылдардағы басшылары М. Қ. Сатыбалдин, С. С. Оразғұлова және Асқар Сүлейменов болды.
2018 жылы мекемелер бөлініп, Самар ауылындағы «Балалар өнер мектебі» КММ директоры болып Штукерт Галина Аркадьевна тағайындалды. Сол жылы мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Домбыра, электронды фортепиано музыкалық аспаптары, концерттік костюмдер, музыкалық аппаратура, музыкалық орталық, караоке, проектор, ноутбук, оргтехника және жиһаз сатып алынды.
2021 жылдың қыркүйек айынан бастап «Балалар өнер мектебі» КММ директоры Шашугүл Райханқызы Айтмұханбетова болды.
Осы жылдар ішінде өнер мектебінің ұжымы тұрақты, шығармашылықпен жұмыс істеп, балаларға екі бағытта музыкалық-эстетикалық және көркем-эстетикалық сапалы қосымша білім беруде.
Балалар өнер мектебі - бұл инновациялық режимде жұмыс істейтін, білім берудің жаңа мазмұнын, оны жүзеге асырудың формалары мен әдістерін іздеуді, әзірлеуді және дамытуды ұйымдастыратын шығармашылық зертхана.
Қазіргі уақытта балалар өнер мектебінің балалар контингенті 17 үйірме мен фортепиано және домбыра сыныптарында айналысатын 356 оқушыны құрайды. Оларға 11 педагог Ш.Айтмұханбетова, Г.А. Штукерт, Е.М.Труханова, Н.И.Устянцева, О.С.Луцкая, К.Айтау, Е.Н.Зенкина, А.Райхан, Л.К.Гебель, Ж.М. Барбасынова, Е.В.Алейникова жетекшілік етеді.
Олар мектептің дамуы мен өркендеуі үшін мекеменің жағымды имиджін құру, материалдық-техникалық базасын нығайту, жас талантты мұғалімдерді тарту, оқушылардың шығармашылық әлеуетін іске асыру жолында аянбай қызмет етеді.
Үйірмелер мен сыныптардағы барлық сабақтар тегін негізде жүргізіледі. Мектептің оқытушылары кәсіби курстарға, шеберлік сыныптарына, ашық сабақтарға қатысады, біліктілікті арттыру курстарында оқудан өтеді, өз шеберліктерін арттырады.
Мектеп оқытушылары аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған тәрбиеленушілерін мақтан тұтады.
2020-2021 оқу жылында және 2021-2022 оқу жылының бірінші жартыжылдығында халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық байқауларда түрлі номинациялар бойынша үздік нәтижелерге қол жеткізілді.
Мысалы, жеке қатысушы - 7 Гран - При, топтық - 8 Гран-При, 1-ші орынға - 15 оқушы, 2-ші орынға - 15 оқушы, 3-ші орынға - 10 оқушы ие болды.
Айта кету керек, балалар мен педагогтар ауылда өткізілетін түрлі қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады. Әдеби композициялар, театрландырылған қойылымдар ұсынады. Мұның бәрі мұғалімдер мен оқушылардың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізіледі.
Балалар өнер мектебі бүлдіршіндерінің әрқайсысы өнерлі, дарынды. Үйірме жетекшілері оларға өздерінің шығармашылық жолын табуға және болашақта кәсіби жетістікке жетуге көмектесуге тырысады.
Бірақ бұл үшін көп күш салып, табанды еңбектену керек және музыканы, өнерді сүйіп, айналаның барлық сұлулығын көру қажет.
Балалар өнер мектебінің ұжымы жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлерді өте қастерлейді, сақтайды және оларды бүгінгі таңда өздерінің шығармашылық қызметімен арттыру керектігін біледі.
Жылдар зымырап өте береді, бірақ олардың ортақ үйі Балалар өнер мектебі өзгермейді. Жыл сайын, бұрынғыдай, білім ұясына балалар білім алып, армандарын орындау үшін келеді.
Олардың жас жүректерімен, бақытты күлкісімен, өнер ордасының жаны жасарады!

Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 26 27
28            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз