Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сенат депутаты Дүйсенғазы Мусин 5 қаңтар күні Көкпекті ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, Көкпекті және Самар ауылдарының әл-ауқатымен танысты.
Бірінші кезекте депутат аудан орталығы Көкпекті ауылындағы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында салынған дене шынықтыру сауықтыру кешенімен танысып, волейболшылар жаттығуын тамашалады.
Көкпекті ауданының әкімі Серікқазы Садуақасов депутатқа қазан айында қолданысқа берілген кешеннің мүмкіндіктері жайлы баяндады. Дүйсенғазы Мағауяұлы Көкпекті халқы көптен күткен дене шынықтыру сауықтыру кешенінің салынуымен құттықтап, Аслан Танысбаев жетекшілік ететін жаттықтырушылар құрамының еңбегіне жеміс тіледі.


Аудандағы іссапары барысында сенатор Көкпекті аудандық ауруханасының ұжымымен кездесіп, сала қызметкерлерімен коронавирус індетінің алдын алу шараларын талқылады. Аурухананың бас дәрігері Әсем Рахимбаева сенаторға қауіпті індетпен күресте жүргізіліп жатқан шараларды баяндап, жергілікті жердегі эпидемиологиялық ахуалды айтып берді.
- Мемлекет тарапынан медицина саласын қолдауға үлкен қаржы бөлінуде. Президенттің тапсырмасымен ауқымды шаралар қабылдануда. Шығыс Қазақстанда облыс әкімі Даниал Ахметовтың білікті басшылығымен медицина саласында жүйелі жұмыстар атқарылды. Мен үшін коронавирус індетімен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлердің ұсыныстары мен айтар ойы өте маңызды. Мамандарды қайта даярлаудан өткізу, шұғыл шешімдер қабылдау қажеттігі туындап отыр, - деді сенатор.
Сондай-ақ, кездесу барысында дәрігерлер тарапынан жергілікті жерлердегі мамандардың тапшылығы, медициналық құрал-жабдықтардың қажеттілігі тұрғысында сұрақтар көтерілді.
Сонымен қатар, аудан орталығында жақында ғана баспаналы болған отбасылардың үйінде болып, жағдайымен танысқан Дүйсенғазы Мағауяұлы жаңадан салынған әлеуметтік тұрғын үйлердің сапасына оң бағасын берді. Аудан басшылығының айтуынша, желтоқсан айында 18 көпбалалы және азқамтылған отбасы баспана кілтін алды. Ағымдағы жылдың көктемінде аудан орталағында 40 және Самар ауылында 10 тұрғын үйлерді қолданысқа беру жоспарлануда.
Іссапарының соңында сенатор Құлынжон ауылындағы күрделі жөндеуден өткен «Казнаковка» орта мектебінің жұмысымен танысып, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған арнайы кабинеттерді аралады. Көкпекті ауданында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта сәттілік тіледі.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз