Халық денсаулығын жақсарту, сапалы медициналық қызмет көрсету мүмкіншіліктерін үйлестіруде облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен аудандық ауруханаға жаңа технологиялық үлгідегі жедел жәрдем автокөлігі берілді.
Жедел медициналық қызмет көрсетуге арналған бұл көліктер аса ауыр халдегі науқастарды тасымалдауға және дер кезінде қызмет көрсетуге негізделген.
Жоғарыда айтып өткендей, Көкпекті ауданының аудандық ауруханасы және Самар ауылындағы ауданаралық ауруханасының автопаркі жаңа реанимобиль-автокөлікпен толықтырылды. Автокөлік салоны қажетті медициналық құрал-жабдықтарды қолдануға және медициналық көмек көрсетуге негізделген. Машиналарда барлық қажетті заманауи жабдықтар дефибриллятор-мониторлар, электрокардиографтар, пациенттің реонимациялық-анестезиологиялық тасымалдау моноторлары, өкпені басқаратын және қосалқы желдету аппараттары, портативті пульсоксиметрлер, ингаляция үшін арналған жүйелер жиынтығы, портативті компрессорлық небулайзерлер, қандағы глюкоза концентрациясының экспресс-өлшегіштері және бар. Жол үстінде келе жатып-ақ науқастарға алғашқы көмекті көрсетуге болады. Бұл жедел жәрдем қызметін бұрынғыдан да жылдам, әрі сапалы етуге септігін тигізеді. Осындай заманауи автокөліктер халыққа сапалы, әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету үшін үлкен жәрдем болады, - дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Әсем Төлеуғазықызы Рахимбаева. Ал ауданға берілген жаңа үлгідегі медициналық автокөліктер пациенттерді облыс орталығына тасымалдау үшін пайдаланады. Әсіресе, бұл шұғыл жағдайларда қажетті медициналық көмектің жылдамдығы мен сапасын едәуір жақсартады.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.