Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көшбасы Серғазы Омар ақсақал бастаған отандастарды аудан əкімі Асхат Смаилов қабылдады. Əлеуметтік салаға жа-уапты орынбасары, ауыл əкімдері, дербес бөлім басшылары қатысқан жиында ауданға қоныс аударуға ниетті отбасыларға ұсынылар игіліктер мен мүмкіндіктер жан-жақты сараланды. - Қолдан келген барлық көмек пен қолдауды аямаймыз. Отбасы мүшелеріне мамандығына сай жұмыс ұсынамыз. Кəсіп қылам дегендерге қолдау болады. Мал өсіріп, егін егемін дегендер болса жер беруге дайынбыз, - деді Асхат Сайдахметұлы.

Бүгінгі күні Түркістан облысының Қаратал ауданында тұратын 10 отбасы Көкпекті ауданына қоныс аудармақ. Елмен танысып, жер көріп, тұрақты мекен таңдайық деп келген 5 азамат ауданның Ажа, Биғаш, Қарғалы, Егінбұлақ, Көкжыра ауылдарын аралады.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының аясында Оңтүстік өңірден қоныс аударғандарға мемлекет тарапынан көмек те қолдау да жоғары деңгейде.
Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдиннің берген мәліметіне сүйенсек, өзі бастап, жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен Түркістан облысында болып, ауылдық округтерді аралаған. Ондағы мақсат – халықпен кездесіп, бос жұмыс орындарын ұсынып, ауданға қоныс аударуға шақыру.
Көшіп келетін отбасылар жалдамалы пәтерге төленетін қаржыны үкімет тарапынан алады. Аталған қаржы бір адамға 15 айлық есептік көрсеткіш, отбасында екіден төрт адамға дейін болса – 18 айлық есептік көрсеткіш, 5 және одан көп адам болса 21 айлық есептік көрсеткіш деңгейінде төленеді. Аталған отбасыларға ай сайынғы пәтерге төленетін қаражаттан бөлек, көшіп келу үшін әр адамға 79415 теңге көлемінде бір реттік төлемақы беріледі.
- Бағдарлама қатысушыларын жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларына жолдаймыз. Мамандығы жоқ болған жағдайда қысқа мерзімді кәсіби оқытуға жіберіледі. Сонымен бірге, «Бастау-бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, шағын несие беру, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар іс-тәжірибесіне, ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жіберу, атаулы әлеуметтік көмек көрсету сынды шаралар қарастырылған, - дейді Көкпекті аудандық Жұмыспен қамту орталығының директоры Қанат Мұқышев.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз