Қазіргі таңда мемлекеттік қызметкерлер Елбасының «100 нақты-қадам» бағдарламасы бойынша мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру және түбегейлі ілгерілеуіне байланысты қызметтерді жүзеге асыруда. Бұл қадамдар бүгінгі күні айрықша қолға алынып, жаңа деңгейге көтеріліп келе жатыр. Мемлекеттік қызметкерлер өзінің алған біліміне сай, біліктілігін арттырып қызмет атқарып, еліміздің экономикасының алға қарыштап дамуына сүбелі үлес қосуда.
Егемен еліміздің экономика-сының алға басуына, биік белестер-ді бағындыруына күш салысқан мемлекеттік қызметкерлер ауданымызда да екпінді еңбек етуде. Көкпекті ауылдық округінің бас маманы Мадина Құмарова әр істе жаңашылдық пен сенім қажет дейді. Көкпекті орта мектебін бітіріп, 2006 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің шетел тілдері мамандығын тәмамдап, 2016 жылы психология магистрі дәрежесін алған. Бірнеше халықаралық конференцияларға, республикалық семинарларға қатысқан. Жалпы еңбек өтілі 14 жылды құрайтын маманның мемлекеттік қызметке кіріскеніне бір жылдан асты. Бұл салада қызмет етіп жүргеніне аса көп уақыт өте қоймаса да, Мадина Құмарова қызметін тиянақты атқарып, оңды нәтижелер алып жүр. Ауылдық округі әкімшілігіне алғашында жас-тар саясаты бойынша жетекші маман болып орналасып, қазір кадр жұмысы бойынша бас маман болып қызмет етеді. Аудан көлемінде мемлекеттік қызметкерлермен мемлекеттік қызметтің иммиджі мен қызметкерлердің этикасы жайлы тренингтер, семинарлар өткізіп тұрады.
«Берілген тапсырманы орындап, ісіңді жетік білу мемлекеттік қызметкердің толыққанды болуына аздық етеді. Себебі мемлекеттік қызмет жұдырықтай жүректегі Отанға деген сүйіспеншіліктен бастау алып, оны халықтың игілігіне сарп етуді міндет қылу болып табылады. Осы күні Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, мерейі асқақ болуы жолында қызмет етіп жүрген барша әріптестерімді мерекелерімен құттықтаймын. Елеулі еңбектеріне сәттілік тілеймін» - дейді Мадина Құмарқызы.
Мемлекеттік қызмет – мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің өкілетті органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады.
Жансая СМАҒҰЛОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.