Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жаз мезгілінің алғашқы күні ауданымыздың еңбекқор жастарының басын қосты. Мемлекетіміздің әр түкпірінде қолға алынатын «Жасыл ел» жасақтары біздің ауданда да жылдағыдай белсенді түрде өз жұмысына кірісті.


Жастарды еңбекке баулу, қоршаған орта – табиғатты аялау және отансүйгіштікке тәрбиелеуді көздеген аталмыш бағдарламаның басты мақсаты жастарды жұмысқа тарту болып табылады. Биылғы жылы жоспар бойынша аудан жасағында 16-29 жас аралығындағы 60 сарбаз еңбектенбек. Дәл қазіргі уақытта жұмысын бастағандар саны – 35. Оның 10 Көкпекті, ал 5 Самар ауылдарында болса, қалған 15 ауданымыздың басқа ауылдық округтерге еңбек етуде. Жазғы еңбек маусымында саябақтарға тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ауданымыздың сыртқы көркіне көңіл бөлінбек. Жасақ еңбеккерлеріне облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, әрқайсысына 35000 тг. жалақы төленеді, оған қосымша аудандық бюджеттен бөлінген 1 млн.470 мың тг-ден төменгі еңбекақы мөлшерінде 24 мың тг. беріледі.
- Бағдарлама жастар үшін жазғы демалыс уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізуге зор мүмкіндік болып отыр. Ауданымыздың жастары жұмыссыз бос жүрмей, белсенді еңбек етіп, сол арқылы туған жерлеріне, ауданымызға деген патриоттық сезімдері арта түссе біздің мақсаттың орындалғаны, - деп ойымен бөлісті Көкпекті аудандық Жастар орталығының директоры Азамат Серікұлы.

Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз