Қасиетті Рамазан айы — айлардың сұлтаны. Игі істерді жасаудың, жақсы бастамаларға аяқ басудың нақ уақыты. Осы айда ізгілік пен кішіпейілділік сияқты адами құндылықтарды бағалап, жүрекке иман құюмен қатар, діни насихатты өрістетіп, іс-шараларды ауқымды түрде өткізудің де айрықша маңызы бар. Ауданымыз Алланың нұры ерекше түсетін қасиетті айға дайындықты бастап та кетті.
10 маусым күні орталық мешітте бас имамның міндетін атқарушы Кенжебек Ахметқалиев Қазақстан Республикасы Діни істер басқармасының тапсырмасы бойынша ауыл имамдарының
басын қосып, Қасиетті Рамазан айына қатысты жиын өткізді. Бұл басқосуда алдағы Рамазан айын қарсы алуға дайындық мәселесі негізгі күн тәртібіне қойылды. Ораза айын тағлымды өткізудің жай-күйін бір пысықтап, ауыл имамдарына нұсқаулар берді. Соның ішінде, мешіттердің іші-сыртының тазалығына аса мән берудің маңызын айта отырып, ауыл ішіне құттықтау баннерлерін ілуді міндеттеді. Сонымен қатар, көпшілік орталарда қасиет-шарапаты мол Рамазан айына қатысты мәдени іс-шараларды өткізу жұмыстарын қолға алуды тапсырды.
Алдымызда келе жатқан Қасиетті Рамазан айын Жаратушының разылығына бөленуге тырысып, ішкі дүниемізді иманмен толтырып, абыроймен өткізу – барша мұсылман қауымның парызы. Олай болса, тілеген тілектеріңіз бен ақ ниеттеріңіз Алланың құлағына шалынсын!
Жансая СМАҒҰЛОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.