Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

17 Наурыз 2016

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ШАПАҒАТЫ МЕН МАШАҚАТЫ

Бүгінгі таңда Үкімет тарапынан халықтың тұрмысын жақсарту мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар жарық көріп, шапағатын халыққа тигізуде. Соның бірі «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы ауданымызда қанатын жайып, іске асырылу үстінде. Өкінішке орай, алынған несиелерді уақытында төлемеу мәселесі әлі де күн тәртібінде орын алып тұр. Осы мәселе жайлы ауданымыздың жұмыспен қамту бөлімінің директоры Райхангүл Баймолдинамен сұх-баттасқан едік.
- Райхангүл Қапезқызы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие алып, оны дамытып жүрген азаматтар жайлы және берешегін қайтармай жүрген борышкерлер туралы айтып өтсеңіз?
- Мәселен, көкпектілік жеке кәсіпкер 2012 жылы Ержан Ажықұлов 3 млн. теңге несие алып, темір-бетон конструкциясы өндірісін ашса, самарлық Ләззат Құдайбергенова 2013 жылы 3 млн-ға шағын наубайхананы іске қосты. Ал, Миролюбовка ауылының жеке кәсіпкері Валентина Гранкина 2014 жылы 2,3 млн. теңге көлемінде несие алып, тұрмыстық қызмет көрсету орталығын ашты. 2013 жылы Қарлығаш Закирова 2 млн. қаржыға түшпара жасау цехын іске қосса, 2013 жылы Азамат Слямов 3 млн. көлемінде несие алып, ірі қара мал өсіруді қолға алды. Қазіргі таңда жоғарыда аталған кәсіпкерлер бағдарлама аясында алған несиелерін орнымен жұмсау арқылы аудан тұрғындарының игілігі үшін тер төгуде.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында берілген, өкінішке орай несие бойынша біздің ауданда 5 наурызға дейін қарыз мөлшері 144,6 млн.теңгені құрайды. Ал, 2011-2015 жылдары «Ертіс» ӘКК «ҰК» арқылы ауданға арналған несие сомасы 365 қатысушыларға 821,0 млн. теңге, берілген болатын. Бүгінгі таңда оның ішінде өтелгені 56 млн. теңге ғана.

Read more

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз