Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Дамыған елдердің бәсекелестік күш-қуаты және болашағы табиғи ресурстардың молдығымен ғана емес, ең алдымен адам  капиталымен, инновациялық технологияларды ұтымды пайдалануымен анықталады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мәңгілік ел» идеясын паш еткен Жолдауында  «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» деп атап көрсетті. Сондай-ақ, Елбасы Жолдауда  еліміздегі білім беру ісін жақсарту үшін 2020 жылға дейін  қандай шаралар жүзеге асатынын нақтылай келе, заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелері, білікті мамандар даярланатынына тоқталды.  Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек екенін, оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс екенін атап көрсетті.

Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіне Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін енгізу өте орынды жүзеге асуда.

«Маған айтсаң, ұмытамын.

Маған көрсет, мен жадымда сақтаймын.

Маған өзіме істеуге мүмкіндік бер, үйренемін» - деген  қағидамен педагогикалық шеберлік орталықтары ұйымдастырған біліктілікті  арттырудың деңгейлік  курстарында  Кембридж тәсілі бойынша оқып келген мұғалімдер интербелсенді оқыту әдістерімен қаруланған, жаңаша көзқарастағы мұғалімдер болып оралуда.

Өйткені, курс бағдарламасы білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістерін мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мән-мәтінмен өзара байланыста қарастырады. Ұстаздарды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Оқушы мұғалімнің бағыттауы арқылы өз бетімен білімді игеруге, өзара ынтымақтастық қатынас құра отырып, бірін-бірі оқытуға тәрбиеленеді, оқыту үрдісінде  өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге, алған ақпараттарын, ойларын еркін жеткізуге үйренеді.

2012 жылдан басталған осы курстарға Көкпекті ауданының мектеп ұжымдарынан да көптеген мұғалімдер қатысып, сертификаттарға ие болған еді. 2013 жылдың қыркүйек айында аталмыш бағдарлама бойынша курсқа мектеп басшылары Астана қаласына шақырылып, маған курс тыңдаушысы болудың сәті түсті. Кембриждік бағдарлама басшыларға оқыту мен басқару үдерісінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан өзгертудің жолдарын үйретті. Ұжымда өзгеріс енгізу үшін өзгерісті өзімізден бастаудың қажеттілігіне көз жеткіздік және курс барысында өзіміздің өзгере бастағанымызды сезіндік.

Республикамыздың түкпір-түпірінен келген мектеп басшылары күнделікті сабақтарда тәжірибе алмаса отырып, бірінен бірі үйрене,бірін-бірі үйрете  отырып, курстың алғашқы үш айының қалай өте шыққанын байқамай да қалдық. Қазіргі сәтте 6 айлық тәжірибе кезеңінде жүрген тыңдаушы басшылар мектептерімізде өзгеріс енгізу жұмыстарын  жүргізудеміз. Желілік қоғамдастық құра отырып, күн сайын өзара тәжірибе алмасу жалғасын табуда.

Мұғалімдер интерактивті тақтамен жұмыс істеудің қыр-сырын меңгеруде, интернет желісін пайдалануды үйренуде, барлығы болмаса да пән кабинеттері соңғы үлгідегі компьютерлермен жабдықталуда.

Материалдық-техникалық жабдықталу жағынан ауыл мектептерінің жетіспеушілігі, интернет желісінің мүмкіндігінің төмендігі, интерактивті тақталардың аздығы қолбайлау болуда.

Осындай мүмкіндіктерге қарамай ауданымыздың мұғалімдері жаңалықтың жаршысы, қоғамымыздың көшбасшысы ретінде баршаға үлгі болуы шарт.

Аудандық білім беру бөлімінің методикалық кабинетінің мамандары да мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін арнайы мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын құрып, деңгейлік курстардан өтіп келген мұғалімдердің сабақтарын үлгі етіп, басқа мұғалімдерге семинарларды көптеп ұйымдастыруда.

«Сабақ беру үйреншікті жай ғана іс емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, ең  бастысы-заман талабына сай білім беру үшін мұғалімдердің жаңа тәсілдерді жатсынбай меңгеріп,  оқушының жан-дүниесін жақсы түсіне отырып, сапалы білім беруін қамтамасыз ету. Жаңашыл ұстаздарға мектеп басшылары тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілген жағдайда ғана табыс еселене түсері сөзсіз.

Ж.Ерботин, І.Жансүгіров атындағы орта мектептің директоры

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз