Қазақтың кемеңгер классик ақыны, ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толған дүбiрлi тойына әзiрлiк басталғалы да бiраз уақыт болды. Ұлы Абайдың әлемдік деңгейде атап өтілген 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Көкпекті ауылындағы «Көкпекті-Толағайы» балабақашасында көптеген іс-шаралар өтті.
Балабақша меңгерушісі Ж.Тойымбаева және әдіскер М.Кәрімованың бекітілген жоспарына сәйкес Абай атамыздың мерейтойы қарсаңында бірқатар ертеңгіліктер өтті.
Апталықтың алғашқы күні «Жұлдыз» тобының тәрбиешісі Әсел Сарманова «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты танымдылық кеш өткізді. Кеш барысында Әсел Тоқтаубекқызы хакім Абайдың өмірі, жайлы түсінік беріп, бейнебаян арқылы ақын шығармаларына шолу жасады.
Ал «Ягодка» тобының тәрбиешісі Гүлжанат Айтчанова «Абай мұралары» атты сурет көрмесін өткізді. Сурет байқауында бүлдіршіндер Абай аталарының шығармаларындағы табиғат бейнесін, Абай аталарының портретін салыпты. Сондай-ақ, апта ортасында «Пчёлки» тобының тәриешісі Айжан Көкенова «Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары атты» мәнерлеп оқу байқауын ұйымдастырды. Мұнда бүлдіршіндер бал тілімен Абай аталарының өлеңдерін кіршіксіз пәк сезімдерімен жеткізе білді. Бұл байқауға балабақшадағы «Жұлдыз», «Еркетай», «Пчёлки», топтарынан қатысты.
Сонымен қатар, балабақшада еңбек етіп жүрген тәрбиешілер арасында «Шамшырағы қазақтың ұлы Абай» атты топ арасында ойын да өткізілді. Аталмыш шарада тәрбиешілер пен ұстаздар өздерінің білімдерімен топқа бөлініп сайысқа түсті.
Балабақшада өткен Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шараның соңғы нүктесін «Қазақ халқы – Абай халқы» атты қорытынды концерт өтті. Қорытынды концертті "Еркетай" тобының тәрбиешілері Р.Көкенова мен Ә.Құсайнова, музыка жетекшісі З.Оразаева ұйымдастырды. Бұл шарада апталық барысында белсенділік көрсеткен тәрбиешілер мен бүлдіршіндер марапатталды.
Ең бастысы, Ұлы тойды мерейтойлық шара ретiнде емес, халқымыздың кемеңгер бабаға деген мәңгiлiк махаббатын танытатындай, рухты құрметтеудiң зор өнегесi дәрежесiнде өтті. Абай ақындығымен ғана емес, рухымен де адамзаттың алыбы болып, ғаламдағы биiк тұғырымен мәңгi жасай бермек. Абай тойы қазақтың, яки бүкiл түркi дүниесiнiң ғана емес, барша адамзаттың ортақ тойына айналсын.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.