Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бала тәрбиесі - ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады. Сондықтан ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты дамыту өзекті мәселе болып отыр.
Шағын орталық пен отбасындағы ынтымақтастықты біріктіру арқылы оқу және тәрбиелеу жүйесін ұйымдастыру, ұжымдыққа, сыйластыққа баулу мақсатында 26 сәуір күні Шәріптоғай негізгі мектебінің шағын орталық ата-аналарының «Шағын орталық пен отбасының қарым-қатынасы» тақырыбына дәстүрден тыс ата-аналар жиналысы өтті.


Танымдық практикум түрінде ұйымдастырылған кездесу жылулық шеңберінен басталды. Ата-аналар бір-біріне жылы сөздер айтып, көтеріңкі көңіл-күй орнатты. Жиналыс барысында ата-аналар өз балаларының қандай түспен сәйкес екенін ойланып, гүлдер трафаретін бояды. Тәрбиеші отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның бала оқыту мен тәрбиесіндегі рөліне тоқталып, «Ағаш бөлшектері» тренингін өткізді. Ағаштың тамыры – отбасы, діңі – тәрбиеші, жапырағы – балалар екені; тамырынан нәр алып, діңгегі мықты болса, жапырағы жайқалып, ағаш та жемісін береді деген кездесу қатысушылары қорытынды жасады.
Тәрбиеші шағын орталықта атқарылып жатқан жұмыс түрлерімен таныстырып, білім берудің бес саласы бойынша ата-аналармен шеберлік сыныбын өткізіп, үй жағдайында балалармен атқаруға болатын жұмыс түрлерін ұсынды.
«Микрофон» тәсілімен ұйымдастырылған кері байланыс кезінде ата-аналар Шағын орталықтың жұмысына оң баға беріп, келешекте бүлдіршідердің талай-талай биік шыңдарын бағындыратынына сенімділік білдірді. Ол үшін отбасы мен білім беру мекемесі бірлесе отырып, балаларды оқу мен тәрбиеге баулуда жаңа заманның тұлғасы етіп тәрбиелеп шығару үшін әлі де тығыз байланыста, шығармашылықпен жұмыс жасаймыз.

Р.Ақжігітова, Шағын орталық тәрбиешісі

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз