Үлкенбөкен ауылдық округінде шаруа қожалықтары егіс алқаптарынан күздік бидай жинап жатыр. Бидай өнімі 215 тонна жиналса, арпа өнімдері 200 тонна жиналған. Кейбір шаруа қожалықтары егіндерін әлі де шабуда. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан шөп тасу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Дайындалатын жем – шөп шаруалардың үлкен еңбегінің арқасында келетіні анық.
Әрбір минут алтынға парапар, сондықтан уақыттарын тиімді пайдалану шаруа қожалықтардың бүгінгі күні басты міндеті,алдағы уақытта күнбағыс дақылдарын жинау жұмыстары күтіп тұр.
Үлкенбөкен ауылдық округінің ақпараты
Құрметті әріптестер мен достар! Миролюбовка ауылдық округінде Көкпекті ауданының кәсіпкерлер палатасы ауылдық округ аппаратымен бірлесе жергілікті кәсіпкерлермен семинар өткізілді. Семинарды аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Әлия Мұқашева бастады. Өткен семинарда бизнес саласындағы жаңа өзгерістер мен жаңалықтар айтылып, ауылдың жеке кәсіпкерлерін несие және бизнесті кеңейту саласы бойынша оқытты. Кәсіпкерлер палатасы жергілікті кәсіпкерлерімізді үнемі қолдап отырады. Біздің елімізде кәсіпкерлікпен айналысып, өз ісін дамыту үшін әрдайым мемлекет пен кәсіпкерлер палатасы тарапынан мүмкіндік бар. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде ауылдық жерлерде бизнес дамып келеді. Кәсіпкерлік қызметпен айналысқысы келетін қарапайым азаматтар үшін бизнес-орта ешқандай күрделі салымдарсыз және тұрақсыз банктік қарыздарсыз қол жетімді болады. Семинар барысында ауылдық округ әкімі - Серік Қасымханов кәсіпкерлер үшін бірқатар мәселелерді түсіндірді.
Толығырақ...Палатцы ауылдық округі бойынша сенбілік ұйымдастырылып өткізілді.
Сенбілікке әкімшілік, мектеп кызметкерлері, және ауыл жастары белсенді қатысты.
Өткізілген сенбіліктің мақсаты - ауыл аймағын тазалау, ауыл көшелерін тазалау, жұртшылық назарын ауыл көшелеріндегі тазалық сақтау мәселесіне көңіл аудару және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Ауылдық округ ауласын көріктендіру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Палатцы ауылдық әкімдігі
Тамыз айынының басында Көкжайық ауылының Қособа өзенінің бойында ұрпаққа өнеге болып қалатын айтулы іс-шара өткізілді. Өз заманында осы өзеннің бойында «Қособа» атты дүркіреген ауыл болған. Уақыт шіркін қоя ма... Қазір сол ауылдан тек Қособа атты өзен мен шоқайған екі-үш тал мен ата-бабаларымыздың моласы ғана қалған. Ұзақ уақыттан бері жанымызды жегідей деп, қабырғамызды қайыстырған осы зираттардың қоршауы еді. Мұндай іске аз қаражат кетпейтіні мәлім. Қазіргі бас пайдамызды ойлаған заманда екінің бірі мұндай шығынға батпасы айдан анық. Әйтеуір көптің тілегі қабыл болып, жүректері «Елім, жерім!» деп соққан, бұрынғы осы ауыл тумалары қазіргі уақытта Павлодар қаласының тұрғындары, жеке кәсіпкер Тимур, Талғат Садықовтар ауылға келіп, Қособа өзенінің маңайында орналасқан зираттың қоршауын өз қаражаттарына тұрғызды. Олардың бұл бастамасын осы ауылдың көне тұрғындарының ұрпақтары, ауылдың еңбектеген баласынан бастап, еңкейген қартына дейін зор қуанышпен қабылдап, асқан ұйымшылдықпен қол ұшын берді.
Толығырақ...Биғаш ауылдық округі бойынша 2018 жылы орталық бастау арнасын тазалау жұмыстары, әкімшілік ғимаратының шатырын жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын. Жоспарға сәйкес бастау арналарына арық арнасын тазалау жұмыстары басталды. Әкімшілік ғимаратының шатырына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.