Әдет-ғұрып, ырым-тыйым, жөн-жорал-ғыларымызды жадына тоқыған ата-әжелеріміз асыл қазына – кемел кітап сынды. Кеуделері шежіреге толы қарияларымыздың қадірін біліп, бағасына жете білсек ата-салттан ажырамағанымыз шығар. Жылына бір келетін Қарттар күнінде тақиялы аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің жүзінде шуақ ойнап, көңілі шалқып, мерейі тасып қалады.
Толығырақ...Қазақ қашанда қазыналы қартын құрметтеген. Туған елінің туын биік ұстауды мақсат тұтқан Елбасы әрқашан еңбектеген баладан, еңкейген қартына дейін ұлықтауды ұлы дәстүрге айналдырып, өскелең буынға ұлағат етіп келеді. «Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік», - деп атап көрсетеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Осындай дәстүрлі тәжірибеден тәлім алған Ақой ауылындағы А.Пушкин атындағы орта мектептің ұжымы алғашқы күннен қарттарын қадірлеп, үлкенін құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырып келеді. Мектептің акт залында Ақой және Қарамойыл ауылында тұратын қарт адамдарға арналып мерекелік концерт қойылды. Мерекелік кеште А.Пушкин атындағы орта мектептің директоры Ринат Араратұлы Қажиакберов құттықтау сөз сөйледі.
- Бүгінгі ұрпақ - ертеңгі қария, осы заңдылықты сақтауда қазақ халқы үлкенді сыйлауда еш жаңылысқан емес. Халқымыздың «Үлкенге құрмет, кішіге ізет», «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» мақалдары бізге бағдаршам іспеттес. Ауыл қарияларының басын қосқан бұл жиыннан үлкен де, кіші де ой түйіп қайтты деп ойлаймын. Қарттарға деген құрметіміз еш таусылмайды, игі істер жалғасын табады. Егемендігіміз құтты және баянды болсын! - деді өз сөзінде.
Сондай-ақ, бұл күні ауыл қарттарына арнайы дастархан жайылып Көкжайық ауылдық округінің әкімі Н.Сүлейменовтың, мектеп директоры Р.Қажиакберовтың атынан алғыс хаттар табысталып, сый-сияпат көрсетілді.
А.Бақтиярова, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі
Республикалық «Ақбұлақ» бағдарламасының аясында біздің ауылдың тұрғындары соңғы үш төрт жылда қолын жылы суа малып отыр.
Кез-келген үйге кіре қалсаң арнайы жуыну бөлмесінде ақ шаңқан ваннасы жарқырап, краннан ыстық-суық суы сарқырап тұр. Бейне бір қаланың жабдықталған пәтері іспетті. Алайда, жаңадан қоныстанғаны бар, басқа да бір себептермен біраз су кәрізі тартылмай қалған тұрғын үйлерге аудандық маслихаттың депутаты Нұржиһан Абдрахманова ханымы және Тассайдың төлтумасы, белгілі кәсіпкер Марат Халықов мырзалар демеушілік жасап осыған орай, шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысы Рахат Жақыпов алқалы іске оң шырай таныта шаруашылық мамандарын жіберіп Кеңес-ауған соғысының ардагері, интернационалист-жауынгер Болат Омаров пен жалғыз басты жас ана Жұлдыз Баймамырованың баспанасына, жасында талмай еңбек етсе де бұл күнде қауқары қайтқан кейуана, сұрапыл жылдардағы тыл ардагері Қайныкеш әжей мен Шәйза шешейдің тамына сонымен қатар, басқа да әлеуметтік жағдай олқылау отбасылар бар жиыны он бір үйге су құбырының кәрізі тегін тартқызып берді.
Әрине, жұмыла көтерген жүктің бас жағында ауыл әкімі Ержан Құдайбердіұлының өзі жүрді. Бастысы, күндіз-түні бір тынбай атқылаған ақбұлаққа, ел қамын жеген Едіге азаматтарға ел риза.
Катрен Байжұманов
Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Биғаш ауылындағы орталық бастауға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қоршау орнатылып, боялды. Арналары кеңейтілді. Сенбіліктер өткізілді. Ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы бастаудағы жұмыс барысымен танысып, жұмыстарға оң бағасын берді.
Сондай-ақ, аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаиловтың жұмыс сапары кезінде берген тапсырмалары, соның ішінде мектептің төбесі күрделі жөндеуден өтті.
2018 жылдың 8 қыркүйегінде Палатцы ауылдық округінде әкімдік және мектеп қызметкерлерінің қатысуымен Денсаулық фестивалі өткізілді. Денсаулық пен тамаша көңіл-күй мерекесі салтанатты жиынмен басталды, онда Палатцы негізгі мектебінің директоры А. Қаусова және ауылдық округтің жетекші маманы Б. Чалғынбаева құттықтау сөз сөйледі.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.