Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ұдайы өсіре отырып, әлемдік бәсекеде озық елдердің қатарында болу мақсатын алға қойып бүгіннен бастау алған өскелең заман талабымен дүйім ел боп өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік тараптардағы белсенділікке, ілгерілеуге талпынып, талаптанып жатыр. Солардың бірі Миролюбовка округіндегі ірі ауыл шаруашылықтарының бірі «Намыс» ШҚ (басшысы Асқар Қайратұлы), «Миролюбовка» ЖШС (басшысы Евгений Сергеевич Бородин). Серік Тоқтажанұлының айтуынша, аталған шаруашылықтар округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып, үнемі техника бөлуге тегін көмек көрсетіп тұрады. Бұл жолы Евгений Сергеевичтің арқасында ауылға кіре беріс арканы орнату үшін дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп, кран бөлінді.


«Миролюбовка» ЖШС негізгі бағыты - өсімдік шаруашылығы. Шаруашылық дәнді дақылдарды орып, күнбағыс жинауға кірісті.
- Күнбағысты жаппай жинау әлі басталған жоқ. Ауа райының жауынды болуы жұмысқа кірісуге мүмкіндік бермейді, төртінші күн тоқтап тұр, - дейді Евгений Сергеевич.
Сондай-ақ, ауылда мал өсіру бойынша жеке кәсіпкерлік дами бастады. Мысалы, кәсіпкер Сергей Морланг үш жыл бойы шошқа өсірумен айналысады. Жас кәсіпкердің ісі жаман емес. Жайлы және жылы жерде жас торайлар өздерін еркін және жақсы сезінеді. Біз шошқалар жатқан сарай маңында болатын әдеттегідей жағымсыз иісті сезбедік және де шашылған қалдықтарды көрмедік. Барлығы таза және ұқыпты, бұдан шаруашылық басшысының іскерлік қабілетінің жоғары екенін аңғаруға болады. Торайларды бағудағы тазалық пен жағымсыз иістің болмау құпиясы неде? деген сауалға Сергей осылай жауап берді:
- Торайлар мен шошқаларды ұстау үшін мен технологияның жаңа түрін қолданамын - ферментациялық төсеніш - шошқа қорасының тазалығын сақтайды. Бір сөзбен айтқанда, бұл көң жинамай жануарларды өсіруге мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығының инновациялық өнімі. Әсіресе, қысқы уақытта тазалаудың қажеті жоқ. Мен 10 шаршы метрге 15 мың теңге сомасында осы төсенішті сатып алдым, бұл маған 3 жылға жетеді.
Болашақта Сергей өз ісін кеңейтіп, «Бастау-бизнес» бағдарламасы бойынша несие алуды, асыл тұқымды шошқа сатып алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ол өз қолдарымен ірі жемді ұсақтауға арналған ұсатқыш, қаз бен тауықтар үшін инкубатор ойлап тауыпты.
Жас кәсіпкердің алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз