Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақ қашанда қазыналы қартын құрметтеген. Туған елінің туын биік ұстауды мақсат тұтқан Елбасы әрқашан еңбектеген баладан, еңкейген қартына дейін ұлықтауды ұлы дәстүрге айналдырып, өскелең буынға ұлағат етіп келеді. «Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік», - деп атап көрсетеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Осындай дәстүрлі тәжірибеден тәлім алған Ақой ауылындағы А.Пушкин атындағы орта мектептің ұжымы алғашқы күннен қарттарын қадірлеп, үлкенін құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырып келеді. Мектептің акт залында Ақой және Қарамойыл ауылында тұратын қарт адамдарға арналып мерекелік концерт қойылды. Мерекелік кеште А.Пушкин атындағы орта мектептің директоры Ринат Араратұлы Қажиакберов құттықтау сөз сөйледі.
- Бүгінгі ұрпақ - ертеңгі қария, осы заңдылықты сақтауда қазақ халқы үлкенді сыйлауда еш жаңылысқан емес. Халқымыздың «Үлкенге құрмет, кішіге ізет», «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» мақалдары бізге бағдаршам іспеттес. Ауыл қарияларының басын қосқан бұл жиыннан үлкен де, кіші де ой түйіп қайтты деп ойлаймын. Қарттарға деген құрметіміз еш таусылмайды, игі істер жалғасын табады. Егемендігіміз құтты және баянды болсын! - деді өз сөзінде.
Сондай-ақ, бұл күні ауыл қарттарына арнайы дастархан жайылып Көкжайық ауылдық округінің әкімі Н.Сүлейменовтың, мектеп директоры Р.Қажиакберовтың атынан алғыс хаттар табысталып, сый-сияпат көрсетілді.

А.Бақтиярова, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз