Құрметті әріптестер мен достар! Миролюбовка ауылдық округінде Көкпекті ауданының кәсіпкерлер палатасы ауылдық округ аппаратымен бірлесе жергілікті кәсіпкерлермен семинар өткізілді. Семинарды аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Әлия Мұқашева бастады. Өткен семинарда бизнес саласындағы жаңа өзгерістер мен жаңалықтар айтылып, ауылдың жеке кәсіпкерлерін несие және бизнесті кеңейту саласы бойынша оқытты. Кәсіпкерлер палатасы жергілікті кәсіпкерлерімізді үнемі қолдап отырады. Біздің елімізде кәсіпкерлікпен айналысып, өз ісін дамыту үшін әрдайым мемлекет пен кәсіпкерлер палатасы тарапынан мүмкіндік бар. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде ауылдық жерлерде бизнес дамып келеді. Кәсіпкерлік қызметпен айналысқысы келетін қарапайым азаматтар үшін бизнес-орта ешқандай күрделі салымдарсыз және тұрақсыз банктік қарыздарсыз қол жетімді болады. Семинар барысында ауылдық округ әкімі - Серік Қасымханов кәсіпкерлер үшін бірқатар мәселелерді түсіндірді.
Қолжетімді несие және оның ашықтығына айрықша назар аударылды. Әлия Орымбекқызы семинарға қатысушыларға қысқа әрі түсінікті етіп ақпарат берді. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге және округ әкімдігіне ауданның даму саласын ескере отырып, ауылдық жерлердегі бизнесті дамытудың ең жақсы тәсілдеріне кеңес берді. Семинарға қатысушылар көптеген жаңа мәліметтер алып, пайдалы кеңес тыңдады. Іс-шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға үлкен алғыс айтамыз!
Миролюбовка ауылдық
округінің аппараты
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.