Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Асхат Смаиловтың шағын елді мекендерге жұмыс сапары жалғасын тапты. 3 шілде күні аудан басшысы маслихат хатшысы Талғат Сармановпен бірге Қараөткел, Мелитополь, Өрнек және Қызылжұлдыз ауылдарына арнайы ат басын бұрды. Сапар барысында Асхат Сайдахметұлы шағын ауылдардың ахуалымен танысып, халқымен жүздесті. Жергілікті тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, шешімін күткен сұрақтарды талқылады.

Аққала ауылдық округіне қарасты Қараөткел ауылы округ орталығынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан. Шалғайдағы елді мекенге апаратын жол биыл ғана жөндеуден өткен екен. Жөндеу жұмыстары жүргізілді деген аты болмаса аталмыш жолмен алыстағы ауылға жеткенше жеңіл көлігіміз біршама әуреге түсті. Ауыл тұрғындары да әкіммен кездесуде негізінен жол мәселесін тілге тиек еткен соң бұл мәселе еріксіз көңіл аудартты. Құрылыс, тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміне хабарласып, мән-жайды анықтадық. Бөлім маманы Болат Гариповтың ақпаратына сүйенер болсақ, Қараөткел ауылына апаратын 35 шақырым жол мамыр және маусым айларында ағымдағы жөндеуден өткен. - «Жол құрылыс бөлімшесі - 14» ЖШС атқарған жұмыстар уақытылы аяқталды. Алайда, Бастаушы және Аққала ауылдық округтері тұрғындарының наразылықтарын ескере отырып, мердігер ұйымға хат жолдадық. Сметалық құжаттарда қарастырылған 12 сантиметр құм-тастың орнына үлкендігі 20-40 сантиметрге жететін тастар төселген. Сол себепті жолмен жүру қиындап отыр. Мердігер ұйымға 10 шілдеге дейін уақыт берілді, - дейді бөлім маманы.


Қараөткел мектебінде Асхат Сайдахметұлы жергілікті тұрғындармен кездесті. Бас көтерер азаматтар осында жиылған екен. Мектептің төбесінен су сорғалап, жылыту жүйесі жөндеуді қажет етеді. Маусымына 60 тоннадан астам көмір шығындалатын шағын мектептің директорына жылытуын электр жүйесіне ауыстыру бойынша ұсыныс енгізу туралы тапсырма берілді. Берік Енсебаев мектепке жеткізілетін көмірдің сапасыздығына шағымданды.
Ауыл тұрғындарын толғандырған басты мәселенің бірі бруцеллез аурының ошағы. Бұл тұрғыда мал жайылымын ұйымдастырып, аурудың шығу ошағын анықтау бойынша жұмыс жүргізу керектігі айтылды. Сонымен бірге, ауыл тұрғындары жол жөндеу жұмыстарына көңілдері толмайтынын жасырмады. Мейірғазы Булкенов көптен бері асыға күткен жөндеу жұмыстарының сапасыз екенін алдыға тартты.
– Біз осы жолдың жөнделгенін ұзақ күттік. Тіпті, бармаған кеңсе, қақпаған есігіміз қалмады. Көк-темде аудандық бюджеттен қомақты қаражат қарастырылды дегенде қуанғанымыз рас. Енді міне ағымдағы жөндеу аяқталды. Нәтижесін өздеріңіз көрдіңіздер. Жөнделді деген жолмен жүру мүмкін емес, - деді ренішін жа-сырмаған ауыл ағасы.
Қараөткелде шешімін күткен мәселелер қатарында қоқыс шығару орнының белгіленбеуі, жарықтандыру, тұрақты меди-циналық қызметкердің жоқтығы бар. Көтерілген барлық сұ-рақтарды мұқият тыңдап, тұрғын-дардың жанайқайына құлақ асқан аудан басшысы тиянақты жауап қатты.
Ауылдық округ әкімі Мұхтар Жанкебаевқа ауылдастармен бірлесе отырып мал жайылым ұйымдастыру, бруцеллез аурының алдын алу шараларын қабылдау, қатты қалдықтар шығарылатын орынды анықтау, көшелерді жарықтандыру бойынша мәселелерді ретімен шешу жүктелді. Ағымдағы жөндеуден өткен жолдың сапасы бойынша жауапты бөлім басшысына тез арада мәселені зерттеп, тиісті шешім қабылдау тапсырылды. Барлық мәселелер аудан әкімінің жіті бақылауында болатынын ескертті.
Шұғылбайға қарасты Мелитополь ауылының тұрғындарымен кездесу медициналық пункт ғимаратында өтті. Негізінен мал өсіріп, егін егумен айналысып отырған елдің басты мәселесі ауыл ортасынан ағып жатқан өзенге көпір салу. Округ әкімі Қайрат Алғазиновқа алдағы уақытта жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір салу бойынша ұсыныс енгізу жүктелді. Тірлігі тиянақты, түтіні түзу ауылдың халқы аудан басшысының жұмысына жеміс тілеп, шалғай ауылдарды ұмытпағанына алғыс білдірді.
«Теректі» шаруа қожалығына ат басын бұрған Асхат Сайдахметұлы жайқалып тұрған қара бидай егістік алқабын көріп, «Дәулет» каналының жұмысын бақылады. Қожалық басшысы Қанат Бидахметұлы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, шаруашылықты дамытуға бағытталған болашақ жоспарларымен бөлісті.
Теректі ауылдық округінің әкімі Қайрат Ах-метқалиевпен бірге Өрнек және Қызылжұлдыз ауылдарының тұрғындарымен жүздесті. Ауыл ақсақалдары ауыз су мәселесін алға тартса, ата-аналар оқушылар тасымалын тілге тиек етті.
Аудан әкімі Асхат Смаилов жұмыс сапарының барысында көтерілген барлық мәселелерді бағамдай келе, тиісті қызмет басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Шағын ауылдардың мәселесі назардан тыс қалмайтынын айтып, әрбір сұрақ кезегімен және бюджет мүмкіндігіне қарай шешілетінін жеткізді.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз