Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан аумағындағы қарақойын Қалбатауының аясында жатқан ауылдық округтер берекелі де бақуатты елдімекендерден құралады. Бұл ауылдардың тұрғындары ел мен жерін еңбектерімен көркейтіп отырған әлеуетті жұрт, қауқарлы бұқара. Аудан әкімі Асхат Смаилов кезекті жұмыс сапарын Мариногорка, Миролюбовка, Палатцы, Сарыбел ауылдық округтерінде аяқтады.

МАРИНАГОРКАДАҒЫ СҮБЕЛІ СҰХБАТ

Аудан басшысы жұмыс барысын ауылдағы тұрғындарға медициналық қызмет көрсетіп отырған фельдшерлік амбулаториялық пунктінен бастады. Фельдшерлік пунктті қарап шығып, жергілікті халық үшін дәрі-дәрмек сататын дәріхана ашу, арнайы маманды оқыту мәселелері бойынша ауданаралық аурухананың бас дәрігері Е.Зиядановқа шешу тапсырылды.


Округ әкімі Қ.Сурашевқа жедел-жәрдем көлігіне жүргізуші бірлігін қамтамасыз етуді жүктеді. Әрі қарай Асхат Сайдахметұлы Мариногорка орта мектебіне қарай жол тартты. Мек-тептің жай-күйімен директор Алмагүл Айдарғазина таныстыра келе, физика, информатика пәні кабинетін көрсетті. Физика, информатика пәнінің мұғалімі Ирина Белоусова NOVA 5000 шағын компьютері және оған қосылатын датчик, сенсорлы экран арқылы оқушылардың зерттеу және жобалық тәжірибелер жасайтынын түсіндіріп өтті. Пән мұғалімін тыңдай келе, аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы:
- Озық технологияларды қолдану кә-сіптік техникалық бағдар береді, сондықтан осындай тәжірбие жұмыстары көп болғаны дұрыс, - деді. Ал, Мариногока ауылының тұрғыны үй шаруасындағы ана Татьяна Костяева балаларға ар-налған ойын алаңы, жедел-жәрдем көлігінің жоқтығын сонымен қатар, қыс мезгіліндегі жұмыссыздық мәселесімен өтініш білдірді. Тұрғынның талап-тілегін мұқият тыңдаған аудан әкімі Асхат Смаилов көтерілген мәселелер бойынша тиісті мекеме басшыларына, ауыл әкіміне тапсырма беріп, бақылау бөліміне мер-зімінде орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.
Мариногорка ауылдық округіне барған жұмыс сапарында Асхат Сайдахметұлы әкімі Қ.Сурашевқа балаларға арналған ойын алаңын құрылысын бастау, жол бойындағы жарық шамдары бағандарын бояу, тазалық сенбіліктерін ұйымдастыру және мектеп маңайына қарағай ағаш-тарын отырғызуды тапсырды.

НАН БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

Аудан басшысы Асхат Сайдахметұлы Смаиловтың кезекті іс-сапары жалғасты. Бұл кездесуге Миролюбовка ауылындағы ардагерлер қоғамының өкілдері С.Теле-місов, В.Домме, В.Шипилова, К.Дәрібаев, әкімдік аппаратының мамандары, ауыл-дық маслихат депутаты Е.Сихварт және шаруа қожалық басшылары жиналыпты. Алғашқы болып ауылдың құрметті ақсақалы, зейнеткер Сақпан Төлемісов сөз алды: - 181 үй басы тіршілік ететін Миролюбовка елді-мекенінің бүгінгідегі ахуалы жақсы. Ауымыз таза, зейнетақыны уақытында аламыз, түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында татулықта тұрамыз, - деді ақсақал.
Аудан әкімінің танысқан әлеуметтік нысанның алғашқысы жеке кәсіпкер Л.Құдайбергенованың «Рахат-нан» нан, тоқаш өнімдері шағын наубайханасы еді.
- Аталмыш наубайхана тәулігіне 800 бөлке нан пісіріп, ауданның алты ауылын нанмен қамтамасыз етіп отыр. Нан бағасы 75 теңгеден ал қара нан 45 теңгеден сатылады. Болашақта наубайхананы кеңейтіп, қосымша ұн сақтайтын қойма салса – деді наубайхана басшысы Ләзат Құдайгергенова. Аудан және аймақ үшін маңызы зор наубайхана аумағын кеңейту жұмыстары алдағы жылдары қолға алынатынын айта келе, аудан басшысы Асхат Сейдахметұлы Миролюбовка ауылдық округінің әкімі Серік Қасымхановқа нан бағасын төмендетуді тапсырды.
Әрі қарай аудан әкімі Асхат Сай-дахметұлы «Намыс» ШҚ жол тартты. Шаруашылық басшысы орынбасарының айтуынша, қазір мұнда 50 бас сауынды сиыр бар, болашақта сүт өткізу бойынша Өскемен қаласындағы «Шығыс сүт» ЖШС-мен бірлесе жұмыс жасауға келісім бар. Тек бүгінгі күні «Намыс» ШҚ сауыншы мәселесі туындап отыр. Мән-жайды тыңдай келе, Асхат Сайдахметұлы округ әкіміне сауыншылармен қамтамасыз ету және ауыл тұрғындарын сүт өткізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. «Миролюбовка орта мектебінде биылғы оқу жылында 64 оқушы білім алды. Ал, 11-сынып бітірген 6 түлек оның үшеуі «Алтын белгі» үміткері. Мектеп тарихында көп уақытта бері алтын белгі көрсеткішіне жетіп отыр» - дейді мектеп директоры Ырысты Райхан. Округтің фельдшерлік амбулаториялық пунктінің жеке ғимараты болмағандықтан, мектеппен бірге орналасқан. Бұл мәселе бойынша Асхат Сайдахметұлы аудан-аралық ауруханасының бас дәрігері Ерік Зиядановқа ғимарат сатып алу бойынша ұсынысын қолдайтынын жеткізсе, кәсіпкер азаматша Валентина Гранкинаның «Карина» тігін цехынан шыққан отандық өнімдеріне мекеме, ұйымдардың тапсырыс берулерін қамтамасыз ететіндігін айтты.

ТҰРҒЫНДАРДЫ  ТОЛҒАНДЫРҒАН АУЫЗ СУ

Палатцы ауылының тұрғындары, еңбек ардагерлерлері В. Кроновальд, Б. Ғабитов аудан әкімі А. Смаиловпен кездесу кезінде су құбырын қайта жаңарту туралы сөз қозғады.
Асхат Сайдахметұлы біздің ауданда сумен жабдықтау бойынша егжей-тегжейлі түсініктеме берді. Атап айтқанда, Көкпекті ауданы ауыз су мәселесібойынша 18-ші орында. Ал таза ауыз сумен қамтамасыз етуде ауданда 5 жоба қарастырылуда.
«Палатцы» негізгі мектебінің қабыр-ғасында 20 бала білім алады. Оқу жылы аяқталғанына байланысты, кабинеттерде ағымдағы жөндеу жұмыстары басталыпты.

ТУРИЗМ САЛАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Аудан әкімі бас сұққан алғашқы нысан – Сарыбел ауылдық округі аумағының Новостройка ауылында орналасқан балаларға арналған «Балауса-2» спорттық-сауықтыру лагері болды. Асхат Сайдахметұлы лагерді аралау кезінде атап айтқанда, жатын бөлме, төсек-орын, демалу залы, асхана, тазалық бөлмелерін көре келе, матрацтар мен жастықтарды қалпына келтіруде елеулі ескертулер жасады. Ал, «Балауса»лагері Новотимофеевка орта мектебінің балансында болғандықтан директоры Г.Бектасыноваға алдағы уақытта балаларға ішуге арналған тек тазартылған су беру жөнінде айтып ескертті. Ауылға су шектелген уақытта берілетіндіктен, ауыл тұрғындары, округтегі ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Закиров, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Бұдан әрі аудан басшысы ауылдық округтегі мектеп, фельдшерлік-акушерлік пунктіні аралап көрді. Кездесу барысында ауылдың тумасы, кәсіпкер Т.Сағатов өзінің алдағы жұмыс жоспарымен таныстыра келе, бұрынғы орта мектеп ғимаратының ел игілігіне қызмет көрсету үшін көмек беруіне ұсыныс жасады. Мұндай ауқымды жоспарлары бар кәсіпкерді аудан әкімі тек қолдайтынын жеткізді.
Жұмыс сапары соңында Асхат Сайдахметұлы Ұлы Отан соғысының ардагері Павел Яковлевич Балахоновтың үйіне барып, ардагердің денсаулық жағдайын,қал-ахуалын білді. Әңгімелесу барысында Павел Яковлевич аудан әкіміне алғысын айтып, жаңа жұмысына сәттілік тіледі.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз