9 мамыр Жеңіс күніне арналған салтанаты шеру Сарыбел ауылының орталығындағы Ұлы Отан соғысына қатысқандарға ескерткіш қойылған мәңгілік оттың жанында бастау алды. Қолдарына гүл шоқтары мен веноктар, түрлі-түсті шарлар ұстаған Новотимофеевка мектебінің ұжымы, оқушылары, жергілікті тұрғындар салтанатпен алаңға жақындағанда бой-ыңызды ерекше толқыныс билейді. Әрине, ол сезім - аталарымыз бен әжелеріміздің Ұлы Жеңісі арқасында қолымыз жеткен жарқын өмірге деген шексіз ризалық.
Береке-бірлігі тасыған, көпұлттың басын біріктірген округ халқы бүгінгідей Ұлы мерекенің мәнін терең түсініп, соғыстан қайтпай қалған ерлерді еске алып, арамызда жүрген Павел Балахонов сынды ардагерлерді мақтан тұтты.
Мерекелік басқосуға жиналған ауыл тұр-ғындарын округ әкімі Санат Қарымсақ, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тұрсынтай Закиров құттықтап, соғыс және тыл ардагерлеріне өлшеусіз ерлік көрсетіп, әперген Ұлы Жеңіс үшін алғыс білдірді.
Салтанатты жиын барысында ауыл мектебінің оқушылары соғыстың басталу сәтінен қойылым, әдеби-монтаж көрсетіп, әндер орындалды. Соғыс және тыл ардагерлерін ұлықтау шарасы келесі кезекте ауылдық округ ұжымы және ауылдағы жеке кәсіпкерлердің қолдауымен ұйымдастырылған мерекелік дастарханда жалғасты. Ауыл әкімшілігі мен тұрғындары тарапынан өздеріне жасалып отырған сый құрметке қариялар шын пейілмен риза болып игі тілектерін жеткізді.
А. Жапарқұлов, бас маман
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.