Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Махаббат...Сегіз әріп, бір арман...Ия...Расында да осы бір ғана сөз адам өмірінің мәніне айналатынына таң қаласың. Махаббатты әркім әрқалай түсінеді...Біреуге махаббат мұң, біреуге жыр, біреуге бақыт, енді біреуге қайғы әкеледі дейді.
Шынайы сезім, ақ махаббатты біздің ата-бабаларымыз мирас етіп, осы күнге дейін жеткізгенін жырлап өткен. Ол «Қозы мен Баянның, Жібек пен Төлегеннің, Еңлік пен Кебектің, Ләйлі мен Мәжнүннің, Қалқаман мен Мамырдың. Естай мен Қорланның, Ақтоты мен Ақан серінің, Абай мен Тоғжанның» махаббатары.


12 сәуір күні 8-11 сынып оқушылар арасында «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» күні Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешенінде аталып өтті. Барлық оқушылар белсенді қатысты. Ғашықтар күніне арналған құттықтаулар. Ғашықтар күніне арналған тілектер мен лебіздер ұяшығы ілінді. Кешті жүргізген 9 «а» сынып оқушылары қазақ әдебиетінің лирик ақындары М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынованың өлең жолдарымен ашты. Сайыс өзін-өзі таныстыру, өз қолымен жасалған бұйым, өз өнерін көрсету кезеңдері бойынша өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша Қозы Көрпеш 10 «а» сынып оқушысы Дулат Манарбеков болса, оның Баян Сұлуы 10 «б» сынып оқушысы Анастасия Болтовская болып ұйғарылды. Белсене қатысқан оқушылар «Ақылына көркі сай», «Ең келбетті», «Мейірімді», «Көрікті» номинацияларымен марапатталды.

Р.Көбелдесова
Үлкенбөкен мектеп – балабақша кешенінің
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз