Қолөнер-бұл еңбекқорлық ғана емес, ол сол іспен шұғылданғаннан ләззат алу. Біз бұған талантты қолөнерші Жанна Жабекова жетекшілік ететін «жұмсақ ойыншық» үйірмесінің сабағына қатысу арқылы көз жеткіздік.
«Жұмсақ ойыншық» үйірмесі 2018 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Кейін ол балалар өнер мектебінде ашылған, ал қазіргі уақытта аудандық оқушылар шығармашылық сарайының құрамдас бөлігі ретінде жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта үйірмеге 16 қыз бала қатысады. Олар аптасына бірнеше рет 3 топта қолөнер үйірмесіне келеді. Оқушылардың үлкені тоғызыншы сынып оқушысы, ал кішісі небәрі 1-сыныпта оқиды.
Тақырыптық жоспарға сәйкес өтетін үйірме жұмысының негізгі бағыты - жұмсақ ойыншықтар тігу (оның ішінде ұлттық стильде). Алайда, сабақтар аясында қыздар өздеріне және үйге қажетті шағын аксессуарлар жасайды (мысалы, косметика салатын сөмкелер, жастықшалар, қайшыға кигізетін қап және т.б.). Жанна үйірме сабақтарында фетр немесе флис сияқты материалдармен жұмыс істеуді жақсы көретінін айтып өтті. Ондай маталар мықты және қолдануға ыңғайлы. Негізінен сабақтарда балалар қолмен тігіп үйренеді. Үйірме жетекшісі жақсы тігіп, қолдары жаттыққан оқушыларға тігін машинасымен жұмыс істеуге рұқсат береді.
Сабақтың уақыты бір сағаттан аспайды, үйірме жетекшісінің әр баламен жеке жұмыс істеуі және оқушылармен достық қарым-қатынасының арқасында уақыт қызықты әрі пайдалы өтеді. Сондай-ақ қыздардың мінезінде табандылық, ұқыптылық, шыдамдылық, дербестік сияқты пайдалы қасиеттер қалыптасады. Біз қатысқан сабақта үйірмеге қатысушылар Жаннаның жетекшілігімен торсық жасады. Бұл қазақтың ұлттық ыдысы, қымыз, шұбат немесе су құйып алып жүруге арналған ежелгі ыдыстың түрі. Көшпенділік заманда ол әрі бері алып жүруге ыңғайлы болған. Қыздар дайындалған үлгілерді мұқият тігіп, содан кейін оларды синтетикалық жүнмен толтырды. Айта кетерлігі, дайын өнімдер алдағы мемлекеттік мерекелер аясында Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйі мен аудандық оқушылар шығармашылық сарайында өтетін тақырыптық көрмелерге қойылатын болады.
Жанна Берікбекқызының арнайы білімі бар шығармашылық адамы (модельер-конструктор). Оның жұмыстары аудандық және облыстық ауқымдағы қолданбалы өнер көрмелерінде бірнеше рет ұсынылған. Көп жылдар бойы жұмсақ ойыншықтар жасаумен қатар, тоқыма тоқу, көрпе тігу, декупаж жасау, газеттен тоқу, тоқыма бұйымдарын тігумен шұғылданды. Бірақ шығармашылықтың негізгі бағыттары әлі күнге дейін газеттен түрлі заттар тоқу болып табылады, олар қолөнершінің көңіл-күйімен қалауы мен тілегіне сәйкес ауысады.
Ол 10 жылдан астам уақыт бұрын қолөнерге қызығушылық танытқан. Бірте-бірте хоббиі шағын кәсіпке айналды. Кәсіпкерлер палатасының өңірлік және облыстық филиалдарының, аудандық іскер әйелдер кеңесінің және жас дарынды қолөнер шеберін моральдық тұрғыдан қолдаушылардың арқасында оның арманы шындыққа айналды. 2016 жылы Жанна Берікбекқызы өз кәсібін одан әрі дамыту үшін «Даму-Көмек» қорының 3 миллион теңге грантын ұтып алып, барлық құжаттарды рәсімдеп, шағын тігін цехын ашты. Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар сатып алды.
Қазір өзінің шағын, бірақ өте жайлы әрі жарық шеберханасында қолөнерші өзінің сүйікті ісімен айналысып қана қоймай, сонымен қатар көптеген жылдар бойы жинаған тәжірибесін оқушыларына үйретуде. Жанна олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, тігу өнеріне үйретеді. Кім біледі, мүмкін олардың бірі болашақта тігінші немесе сәнгер болатын шығар? Қалай болғанда да, кез-келген қыз баласы үшін тігін тігу мен тоқыма тоқуды білу артық болмайды.
Әңгімеміздің соңында Жанна Берікбекқызы оның өтініш-тілектерін үнемі қанағаттандыратын аудан басшылығына және үйірме сабақтарына ескі ойыншықтар мен мата, керек-жарақтарды тегін беріп жатқан қамқор жерлестерімізге шынайы алғысын білдірді.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.