Облыс орталығында ауыл шаруашылық жәрмеңкелері жиі өткізіліп, өнімдер базар нарқынан төмен бағада сатылу дәстүрге айналуда. Халықты арзан өнімдермен қамтуды көздеген шара 20 ақпанда Өскемен қаласында өтті, жәрмеңкеге Көкпекті ауданы қатысты.
Жәрмеңке жұмысын жіті қадағалаған ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары арзандатылған бағамен саудаланған өнімдерімен жеке танысып, ел әлеуетін арттыруға арналған игі шараның басы-қасында болды.
Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің ұсынған мәліметі бойынша, облыстық жәрмеңкеде 2720 келі ірі қара мал еті, 510 келі қой еті, 250 келі балық, 280 келі бал, 850 келі картоп, 340 келі қырыққабат, 340 келі сәбіз, 90 келі тартылған балық, 960 келі май, 1700 жұмыртқа, 20 л сүт өнімдері, 85 кг талқан, құрт және сүзбе сатылды. Ұдайы ұйымдастырылып тұратын жәрмеңкеде барлық округтердің ауыл шаруашылық тауар өндірушілері өздерінің сапалы және экологиялық таза тауарларын ұсынды. Сондай-ақ, сатып алушылар өнімді 10 және одан да көп пайызға төмендетілген бағамен сатып алғандығы атап өтілді.
Ауыл шаруашылық жәрмеңкелері - қала тұрғындары арасында сұранысқа және үлкен әлеуметтік маңызға ие. Жәрмеңкеге қатысушылардың айтуы бойынша қолайсыз ауа райы сауда-саттыққа оңтайлы болмады. Алайда бұл қалалықтарға біздің ауданның ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуға кедергі болмады.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.