Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында Төтенше жағдай енгізу» туралы Жарлығының нұсқаулығына сәйкес ауданда шұғыл іс-шаралар жоспары жасақталып, жүзеге асырылуда. Нақтырақ айтқанда, аудан әкімі А.Смаиловтың «Жұмысшы топ құру туралы»  өкіміне байланысты Көкпекті ауданында мобильді топ құрылды. Қазір ауданда арнайы жедел штаб жұмыс жасайды.

Ауданда тұрғындар арасында коронавирустық инфекция ауыруының таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды одан ары күшейту мақсатында ақпараттық, үгіт-насихат жүргізетін мобилдік топтар құру, ақпаратын міндеттерін айқындау жұмыстары жүргізілуде.


Волонтерлер, қоғам белсенділері, әлеуметтік қызметкерлер, жастар көшбасшылары қатарынан 3 адамнан аспайтын құрамда топ құру. Аудан бойынша бүгінгі күні 20 топ жұмыс жасауда. 1 топ аудандық ақпараттық түсіндіру тобы. Көкпекті ауылдық округінде екі топ, Самар ауылдық округінде екі топ. Қалған ауылдардың бәрінде бір топтан жұмыс жасайды. Мобилдік топ құрамына ауылдың полиция қызметкерлері, медицина қызметкерлері және ауылдық белсенді жастары кірді.
Бүгінгі күні барлық мобилдік топ мүшелері ауданның 17 ауылдық округтеріндегі 12 мыңнан аса адамдарың қамтыды бұл аудан тұрғындарының 33 пайызы. Барлық тұрғындарға облыстан бекітіліп келген КВИ алдын алуға арналған брошюралар таратылуда.
Ақпараттық түсіндіру топтарының басты міндеттері:
- тақырып бойынша ақпаратты меңгеру, объективті мәліметтер ұсыну, тұрғындардың сұрақтарына жауап беру;
- белсенділік, ізгі ниеттілік, коммуникабельділік (тез тіл табысатын);
Ақпараттық түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру алгоритмі:
1. Әрбір топ үшін елді мекенін анықтау, баратын жердің схемасын сызу.
2. Бір ай ішінде топтың жұмыс кестесін құру.
3. Жұмыстың бірінші күні халықтың қаншалықты хабардар екенін анықтау мақсатында қоғамдық пікір сауалнамасын жүргізу (сауалнама қоса беріледі).
4. Топты бетперделермен, санитайзарлармен қамтамасыз ету, ынталандыру мен қолдауды ойластыру
5. Топ мүшелері үшін анықтамалық материалдарды, тұрғындарға арналған жадынамаларды басып шығаруды және оларды таратуды қамтамасыз ету.
6. Адамдарды арнайы жинауға тыйым салынады. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін ауылдарда аулаларды аралау (ауладан және үйден тыс әңгімелесу); адамдар көп жиналатын орындар (аялдамалар, көп қабатты үйлердің жанындағы аула алаңдары, жағалаулар, саябақтар және т.б.) пайдаланылсын.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ,
(Аудандық ішкі саясат бөлімінің
ақпараты бойынша)

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз