Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауылымыздың аумағы жыл сайын өсіп, көркейіп келе жатқаны баршаңызға белгілі. Біз бұған қуаныштымыз. Әсіресе, оңды өзгерістерге алғашқы болып жағымды бағасын беретін туған өлкесін сағынып, алыстан ат басын бұратын қонақтар екені анық. Олар ауданымызға жайлылық пен жылылық сыйлаған тындырымды жұмыстардың нәтижесін бірден байқайды.

Осыдан екі жыл бұрын ауданның жаңа басшысы лауазымына тағайындалған Асхат Сайдахметұлы Смаилов Көкпекті және Самар ауылдарының негізгі мәселелері - тұрғындардың мәдени-бос уақытын өткізуге арналған орындардың болмауы, саябақтардың, балалар алаңдарының жетіспеуі екенін атап өткен болатын. Ауыл көшелері жеткілікті абаттандырылмаған – тротуарлар мен бордюрлер жоқ, көшелерді жарықтандыру да көңіл көншітерлік жағдайда емес. Осы қатарлы түйткілдердің шешімін табу өзекті тақырыптар қатарына қойылған болатын.
Осы міндеттерді жүзеге асыру және аудан әкімінің басқа да тапсырмалары негізінде өткен жылдан бастап Абай ескерткіші, музыкалық субұрқақ, Орталық алаң - Самар ауылының тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналуда. Олар орнатылған сәттен бастап жаңа нысандарды абаттандыру және қайта жаңарту жұмыстары басталды. Аудан әкімінің күш-жігерінің арқасында облыстық бюджеттен аталмыш мәселелерге қаржы бөлінді.
Аудан басшысының ауылды көркейту, көгалдандыру жұмысына қанша қаражат бөлгені және осы кезеңде қандай шаралар атқарылатыны туралы Самар ауылдық округінің әкімі Ахмет Фазылұлы Кудербаев әңгімелеп берді:


- Ауыл өмірінде оң ілгерілеудің бірі ауылды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша атқарылған жұмыстар болып табылады. Мысалы, Самар ауылын абаттандыруға 2020 жылы облыстық бюджеттен 100 миллион теңге, жергілікті бюджеттен 6,5 миллион теңге бөлінді. Ауылды одан әрі көгалдандыру бойынша 200 түп ағаш, 350 Сібір шыршасы мен балқарағай көшеттері отырғызылды. Орталық алаң аумағында, әкімдік ғимарат жанында, сондай-ақ округтің басқа да ұйымдары мен мекемелерінің алдына 1000 түп раушан, 2000 түп Астра, барқыт, петунья гүлдері отырғызылды.
- Жергілікті билік ауыл келбетін жақсарту бойынша басымдықты қандай бағыттарға беріп отыр?
- Самар ауылындағы жаңа демалыс саябағына ерекше назар аударылады. Мұнда көгалды шөп отырғызылды, гүлдері бар вазондар, орындықтар мен қоқыс жәшігі, демалыс саябағы мен мәдениет үйінің алдында жарық шамдары орнатылды. Күн сайын кешкі уақытта сағат 19.00-ден 22.00-ге дейін музыкалық субұрқақ жұмыс істейді. Демалыс саябағына тек Самар ауылының ғана емес, бүкіл өңірдің тұрғындары келіп демалады. Мәдениет үйінің алдында брусчатка салу жұмыстары басталды. Жалпы, мәдениет үйі мен орталық алаңның барлық аумағы ауыл тұрғындарының бірыңғай демалыс орны болып табылады. Абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасуда, онда тұрақты түрде 10 адам еңбек етеді.
- Сонымен қатар, жалпы іс-шараның бір бөлігі болып табылатын сенбіліктер де өткізілді ме?
- Әрине, сенбіліктер мекемелер мен ұйымдар ұжымдарының қатысуымен тұрақты түрде өткізіледі. Осындай жұмыстар барысында Самарға 100 жыл, Горохов, Бакраев, Астана көшелерінде жарықтандыру бағаналары сырланды. Ауыл аумағындағы барлық ағаштарды ақтау, кесу және күн сайын арамшөптен тазарту жұмыстары жүргізіледі. Ауылдың орталығына сән беріп тұратын Букетов - Самарға 100 жыл көшелерінің қиылысында жаңа бағдаршамдар орнатылды. Барлық жұмыстар ауызбіршіліктің арқасында жүзеге асатынын айта кету керек. Ауылдың сыртқы келбетінің оң өзгерістері көрер көзге көрініп тұр. Тұрғындардың барлығы сенбіліктерді міндетті түрде өткізу керек екенін жақсы түсінеді, өйткені тек бірлескен күш-жігермен ғана қалаған нәтижеге қол жеткізуге болады.
- Дегенмен, қолайлы орта тек гүл көмкерілген саябақ қана емес, ол қатынасты қамтамасыз ететін сапалы жолдар екені белгілі. Ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу бойынша не айтуға болады?
- Жол – бұл кез келген ауыл, қала өмірінің маңызды күретамыры. Қазіргі уақытта жақсы және сапалы жолсыз қатынас жасау мүмкін емес. Бұл бағытта да оң ілгерілеулер басталды. Мысалы, Букетов, Горохов тұйық көшесі жолдарының шұңқырларына ағымдық жөндеу жұмысы жасалды. Қазіргі уақытта Самарға 100 жыл көшесіне осындай жұмыстар жүргізілуде. Осыншама тер төгетін жұмысты Самар ауылдық әкімшілігінің қызметкерлерімен бірлесе отырып «Самар» ШЖҚ КМК жүргізеді.
- Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарының картоп, көкөніс отырғызу жұмыстары аяқталды. Суармалы құбырларын қайта құру жұмыстары қалай жүзеге асырылуда?
- Иә, бұл шынымен де назар аударуды талап ететін маңызды мәселе. Ағымдағы жылы ауылдағы суармалы құбырларды қайта жаңартуға облыстық бюджеттен 94 миллион теңге бөлінді. Тағы да бұл Асхат Сайдахметұлының еңбегі. Осы жұмыстың тапсырыс берушісі «Көкпекті ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жо-лаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ болып табылады. Барлық жұмыстарды жүргізетін мердігер «KAZPROFSTROY HOLDING». Қазіргі уақытта суармалы құбырларды қайта жаңарту жұмыстары басталды.
- Самар ауылдық округін абаттандыру бойынша жергілікті биліктің алдағы жоспарлары қандай?
- Біз қол жеткізілген нәтижелермен тоқталып қалмай, басқа да міндеттерді орындауды жалғастырамыз. Алдағы уақытта айналма жолды жарықтандыру, ауылға кіреберісте жаңа арка орнату, бордюрлер, брусчатка орнату жоспарлануда. Қоршауға ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіледі (жол қозғалысы қауіпсіздігі мақсатында). Демалыс саябағының периметрі бойынша қоршауға ұзындығы 97 метр бетон лентасын орнату, демалыс паркіне ЛЭД экран, Айшам шамдарын, орындықтарды, қоқыс жәшіктері мен вазондарды орнату мақсатымыз бар. Біз проблемаларға емес, мүмкіндіктерге назар аударамыз. Ауылдық аумақтар – өзін бағалай білуге және бүкіл елдің тірегі болуға үйрететін қуатты күш. Санаулы жылдар өткенде ауыл тұрғындары өздерінің туған жерлері туралы мақтанышпен: "Біздегі өмір сүру жағдайы үлкен қалалардағыдай қолайлы, шексіз мүмкіндікке толы", - дейтін болады. Армандар ақиқатқа айналады.
Эмма Яковлевна Степанова, әйелдер кеңесінің төрайымы:
- Жылдан жылға біздің туған ауылымыз көркейіп келеді. Міне, бізде музыкалық субұрқағы бар демалыс саябағы пайда болды, жақын арада әсем гүлдер бүр жарғанда мұнда нағыз сұлулық орнайды. Облыстық және аудандық әкімшіліктің басшылығы ауылдық аумақтарды дамытуға, оларды абаттандыруға көңіл бөледі, бұл үшін қаржы бөледі. Ауыл тұрғындары, жерлестері атынан Асхат Сайдахметұлына Самар ауылының дамуына көңіл бөлгені үшін алғыс білдіргім келеді. Өзге де жұмыстарының тығыздығына қарамастан, ол біздің ауылда жиі болады, ардагерлермен, жұртшылық кеңесінің мүшелерімен кездесулер өткізіп, ағымдағы мәселелерді бірлесіп шешеді. Аудан, ауыл әкімі дәл осындай халыққа жақын әрі өз әріптестеріне үлгі көрсететіндей болуы тиіс. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары мен қонақтары балаларымен, жақындарымен бірге демалыс саябағына барып, бос уақыттарын көңілді өткізеді. Туған ауылымыздың қайта өркендеуі бізге үлкен қуаныш әрі мақтаныш сезімін ұялатады. Жерлестеріміз осынау талай жанның қажыр-қайратының арқасында құрылып отырған тамаша демалыс орындарының тазалығын сақтауды, сұлулықтың қорғаушысы болуды өз парызы деп санаса екен дейміз.

Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз