Өткен сенбіде Көкпекті ауылындағы «Ұлы дала елі» алаңында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оңтайлы сәтті пайдаланып, арзан бағамен азық-түлік алуға жиналғандар көп болды. Қауіпті індетке байланысты шектеу шараларынан кейін алғаш рет өткізіліп отырған жәрмеңкеге аудан әкімі Асхат Смаилов келіп, ұйымдастырылу барысын бақылады. Аудан басшысы сөредегі тауар бағасын төмендету бойынша шаралар қабылдау керектігіне баса назар аударды.
Өкінішке орай, бұл жолғы жәрмеңке аудан әкімінің ойындағыдай өтпе-генін бірден атап өткеніміз жөн. Ауыл-шаруашылық жәрмеңкесін ұйымдастыру барысында ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ осы салаға жауапты бірінші орынбасары Марат Теміржановқа да қатаң ескертулер айтты.
- Жәрмеңке деген бизнес емес. Сондықтан да ауыл әкімдері тауар өндірушілер және кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Бұндағы белгіленген бағалар қарапайым халықтың қалтасына ауыртпалық түсір-месін. Дүкендегі бағадан арзан болмаса жәрмеңке ұйымдастырудың қажеті қанша?! - деді Асхат Сайдахметұлы.
Аппарат басшы Бек Нұғыбаевқа бір-қатар хаттамалық тапсырмалар берілді. Келесі жәрмеңке13 маусым күні өтетін болып белгіленді.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.