Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Самар ауылында шектеу шаралары енгізгелі бес күн өтті. Осы уақыт ішінде Самар ауылдық округі әкімінің аппараты тұрақты жағдайды сақтау үшін барлық ресурстарды жұмылдырып, халықпен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, карантиндік режим кезінде тәртіп ережелерін сақтауға шақырды.

Ағымдағы жылдың 24-28 сәуірі аралығында Самар ауылына облыс орталығынан 16 адам келді. Олардың барлығы бекеттерде мұқият тексерілді. Самар ауылдық округі әкімі аппаратымен 17 шаруа қожалығына арнайы рұқсатнама берілді. Қазір көктемгі егіс жұмыстары қызу жүріп жатыр, сондықтан олар үшін егіс науқанында жұмысты бастау үшін ешқандай кедергі жоқ.


Округ тұрғындары үшін 2033 адамға ауыл ішінде жүруге рұқсат берілді. Белгілі себептермен рұқсат қағазын алмаған тұрғындар болса, әкімдіктен алуына болады. Науқастардың облыс орталығының медициналық мекемелеріне жүгінуі үшін емдеу мекемесінің жолдамалары және жеке автокөлікпен жүру үшін 1 күн мерзімге маршруттық парақтар берілді.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақпараты бойынша, шектеу шаралары кезінде тәртіп бұзушылар анықталды. Түнгі сағат 21.00 -ден кейін мас күйінде жүрген бір адам, рұқсат қағазынсыз қатынаған 1 автокөлік жүргізушісі мен 1 жаяу жүргінші жауапқа тартылды. Оларға әкімшілік хаттамалар жасалды.

Қанат Апсадықова

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз