Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Қыстың қамын жаз ойла» деген. Бүгінгі таңда ауданда қысқы жылыту маусымына дайындық қандай? Жылыту қазандықтары мен жылыту құбырларының жай-күйі қандай? Ертең қылышын сүйретіп қыс келіп, қаһарына мінгенде қысылып қалмаймыз ба? Жалпы аудандық әлеуметтік және бюджеттік салалардың қысқы қамы қаншалықты деген сұрақтар төңірегінде «Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдар бөлімі» мекеме басшысының орынбасары Нұржан Құмарбекұлы Тогусовпен сұхбаттасқан едік:

- Нұржан Құмарбекұлы өткен қысқы жылыту маусымы қалай өтті? Осы жөнінде айтып айтып өтіңіз.

- Өткен қыстың қалай болғаны жалпы жұрт-шылыққа белгілі. Қар қалың жауғанымен қалтырап тоңдыратындай аязды күндер аз болды. Бірақ, қыстың аты қашанда қыс қыспай қоймайды.

Сондықтан да, қазіргі таңда алдын-ала келісілген жоспармен ауданда 2015-2016 жылға жылыту маусымының жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Біздің ауданда орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ. Тұрғындардың жылыту жүйелері әрқайсында жекеменшікті. Тұрғындарға кететін жылыту жүйесіне кететін жағар май 32900 тоннаны құрайды.

- Қазіргі күні аудандағы барлық меке-мелердегі жылыту құрылғыларының қан-шасына жөндеу жұмыстары жүргізілдеді?

- Әрине барлығы дерлік қуатты қазандық пайдаланады деп айтуға келмес. Арасында пешпен де жылынатын мекемелер де бар. Алдағы жылыту маусымына, білім беру саласы бойынша 41 нысанды, соның ішінде 13 мектеп және 1 балабақша қатаң жылыту жүйесімен, 18 мектеп және 2 балабақша электрлі жылыту жүйесімен, 3 мектеп сұйық жылыту жүйесімен және 4 мектеп қарапайым пешпен жылыту жүйесін дайындауымыз қажет. Қазіргі уақытта 38 нысан ғана жылыту маусымына дайын.

- Сіздің айтқандарыңыздан көп шаруалар тындырып, біршама жұмыстар ат-қарылғандығы мәлім болды. Енді осы жылғы жүргізген жөндеу жұмыстарына тоқталып өтсеңіз.

- Ағымдағы жылда, білім беру нысандарында мынандай жөндеу жұмыстары жүргізілуде. М.Әуезов орта мектебінде, спорт зал, сыртқы сан тораптарын, төбе жабындысын жөндеуге барлығы 24 млн. 528 мың теңгеге бөлінді. Мердігер «Бота» ЖШС, келісімшарт бойынша жұмысты 20 тамызда аяқтаулары тиіс. Ал, № 1 Самар орта мектебіне кіре берісін, қоршауларын, спорт алаңдарын, әжетхананы жөндеуге 16 млн. 234 мың теңге бөлінген. Мердігер «Әшім» ЖШС. Сонымен қатар, мұнда 969 мың теңге жылу беру қазандығына жөндеу жұмыстарын «Азия Техногрупп» ЖШС бастады. Көкпекті ауылындағы Көкпекті орта мектебіне төбе жабындысын төсеуге 7 млн. 694 мың теңге МК «Орфей» жұмысты аяқтап өткізді.

Көкжота орта мектебінде 2 қазандықты және жылу беру радиаторын жөндеуге 1 млн. 358 мың теңге бөлінген болатын. Мердігері ЖС «Алма», бірақ қазіргі таңда олар әлі жұмысты бастаған жоқ. Оған себеп, олар екі рет байқаудың ұзаққа созылғаны кесірінен уақыттарын жоғалтып алды. Осындай жағдай Самар ауылындағы «Дәншік» балабақшасында қайталануда. Мердігерлердің жауапсыздықтарының кесірінен жұмыстар жүйелі түрде жүргізілмеуде.

- Түсінікті, енді жылыту маусымына дайындық кезіндегі қиындықтар, әлі шешімін таппаған мәселелерге тоқталсаңыз.

- Бұл денсаулық саласында 40 нысанды қысқы жылыту маусымына дайындауымыз керек. Аудандық орталық аурухана осы уақытқа дейін жылыту маусымына дайын емес, онда жылыту жүргізетін 5 қазандықтың 1 ғана жұмысқа жарамды. Осы қазандықты жөндеуге 12 млн. 204 мың 76 теңгеге аукционға берілген болатын, нәтежиесі 5 тамызда белгілі болады. Шешімін табуға тырысамыз деген ойдамын. Аудандағы әр мекемелер жылдағы жөндеу жұмыстарын атап айтсақ, әктеу, бояу, көгалдандыру, аббаттандыруды жүргізуде.

-Сізге алтын уақытыңызды бөліп, әңгімелескеніңізге  рахмет!  Жұмыс-тарыңызға сәттілік тілеймін!

Қорыта келе, бабамыздың айтып кеткен нақыл сөздерінің орны бар, сондықтан да қыстың қамын жазда ойлайық және де әркім өзі тұрып жатқан үйінің жылы болуы үшін осы бастан қарекет еткені абзал дер едім.

Сұхбаттасқан Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз