Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тұрғындарды толғандыратын мәселелер аудан әкімінің ұдайы назарында.  Өзекті сұрақтармен танысу және оларды шешу жолдарын қарастыру мақсатында аудан басшысы Рамиль Нығ-метжанұлы Сағандықов әр айдың басында бекітілген кес-теге сай Көкпекті және Самар ауылдарында қабылдау жүргізеді. Халық пен билік арасындағы қатынастың бірегей жолы өзара түсіністікті арттырудың да таптырмас құралы. Көпшіліктің көкейінде жүрген өзекті мәселелер ортаға салынып, оларды шешу үшін шаралар қабылданады.

Кезекті қабылдауда айтылған өтініштердің дені баспана мен басқа да әлеуметтік мәселелерді қамтыды. Материалдық көмек сұраушылар қатары арта түскені ойланарлық.

  Негізінен тұрғындардың денін тұрғын үй мәселесі алаңдатады. Қазіргі таңда ауданда тұрғын үй құрылысы қолға алына қоймағандықтан, бұл мәселенің шешімін табуға әзірге мүмкіндік жоқ. Алайда, тұрғындар кезекке тұрып, қалыптасқан дағдымен үкіметке иек артудан жаңылған емес. Мысалы, қабылдауға келген А.Тоқтасынова, З.Борамбаева, Б.Ипатуллина және басқалары әр түрлі жағдайларын айтып, баспанамен көмектесуді сұрады. Бұл орайда аудан басшысы олардың өтініштеріне сала мамандарының қатысымен толыққанды жауап берді. Яғни, тұрғындардың қаншалықты көмекке зәру екендігіне түсіністікпен қарай отырып, бәрі де заң жолымен берілетінін, егер сол талаптарға сай келсе көмектесуге әрқашанда дайын екендігін шынайы пейілімен жеткізді.

Аудан орталығында барша жамағат әр апта са-йын қатынап жүрген мешіт үйі бар. Орталық мешіт күні бүгінге дейін жұртшылықпен тығыз қарым- қатынаста жұмыс істеп келеді десек те болар. Туған жеріне тілектес жеке кәсіпкерлер көмегінің арқасында мешіт күмбезі қайта жаңаланып та қалды. Енді міне, қасиетті ораза айында әдемі абаттандырылған мешіт аумағы көз тартып тұр.

Әрине, бұның барлығы да жақсы жаңалық екені қуантады. Дегенмен, Көкпекті тұрғындарына ауадай қажет болып отырғаны - қатымхана. Бұл мәселені орталық мешіт имамы Кенжебек Ахметқалиев бас-тап, дінге жанашыр көпшіліктің жиындарда айтып жүргені де рас. 7 шілде күні өткен  аудан әкімінің қабылдауында бас имам Кенжебек Ахметқалиев пен дін жанашыры Санат Қарымсақов көпшіліктің көкейінде жүрген аталмыш өзекті мәселені көтерді.

Мешіттің іші біршама үлкен болғанымен де, көпшілікті жинап, ас беруге ыңғайлы емес. Сондықтан да, барша жамағаттың міндетті түрде кафеге баруына тура келеді. Ал кафеге төленетін қаражат жайында сөз бөлек. Себебі, ол әркімнің шама-шарқына қарай атқарылатын мәселе.

- Орталық мешіт қасында қатымхана көтерсек нұр үстіне нұр болмас па? Қатымхана жалғыз қара шаштары аққа боялған ақ жаулықты әжелер мен жүздерінде өмір белестері қатпар әжім болып түскен қарияларымызға керек емес, барша жамағатқа ауадай қажет. Дін мен ділге деген көзқарасы түзу, ауылына жанашыр азаматтар бұл бастаманы қолдайды деген ойдамыз, - дейді бас имам.

Қатымхана салу мәселесінің өзектілігіне тоқтай келе, жаңа ғимараттың аудан орталығының сәулетіне қосар үлесіне баса назар аударған Санат Батанұлы: - Көпшілік қауымның көптен ойында жүрген толғанысы осы. Бес мыңнан астам халқы бар аудан орталығына бір қатымхана керектігі анық. Мешіт аумағының кеңдігін ескерсек, сәулет тұрғысынан да өте орынды әрі жарасымды болмақ. Халықтың тілегінен туған бастамаға қолы ашық, жаны жомарт елжанды азаматтар қолдау көрсетеді деген сенімдеміз, - деп сөзін сабақтады.

Рамиль Нығметжанұлы екі азаматтың  ұсынысын мұқият таразылап, өзекті мәселеге өрелі көзқарас қажеттігіне баса назар аударды. Аудан басшысы өз сөзінде: - Халық қалаған шаруаның үдесінен шығу менің және ауданның атқа мінер азаматтарының абыройлы борышымыз. Көтерілген бастаманы қолдап, мұрындық болса, іскер азаматтарға айтарымыз тек алғыс. Игі істің орайы келіп, еліміздің игілігіне асар құтты мекенге айналсын. Ұлтымыз тілі мен ділін, асыл дінін құрмет тұтып, өмірлік мызғымас тірегіне айналдырып келеді. Ұрпақ санасында ата-бабадан қалған асыл мұраға деген зор мақтаныш сезімі қалыптасып, Отанға деген сүйіспеншілік қасиеті орныға түсті. Қасиетті істі ел болып қолдауға, белсенді атсалысуға тиіс, - деген тілегін білдірді.

Қабылдауда көтерілген барлық сұрақтар бо-йынша тиісті қызмет басшыларына тапсырмалар беріліп, олардың уақытылы орындалуы жіті бақылауға алынды. Әрбір мәселе толық шешімін тапқанша күн тәртібінен түсіп, бақылаудан алынбайтынын ескерген абзал.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз