Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өткізілді. Аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, мәслихат төрағасы, ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік мекеме және ұйым басшылары, салалық қызмет және БАҚ өкілдері қатысты.
Кеңейтілген аппарат отырысының басында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев жаңадан тағайындалған басшыны таныс-тырды. Көкпекті ауданы әкімінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы өкімімен Әлібек Түсіппекұлы Саржанов Абай облысы Көкпекті ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып қабылданды.
Әлібек Түсіппекұлы 1973 жылы 7 ақпанда Семей облысы Көкпекті ауданы Биғаш ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1996 жылы Семей Шәкәрім атындағы педагогикалық институтын «Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша және 2011 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Аудан әкімі жиынға қатысушыларға жаңа басшыны таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Күн тәртібінде бірқатар маңызды сұрақтар қаралды. Көкпекті ауданы бойынша 2023 жылы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуы және 2024 жылға ауылдық округтер кесіндісінде атқарылатын жұмыстар талқыланды. Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Азамат Макенов ақпараттық баяндама жасады. Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуді орынбасары Дәурен Қойгелдинге жүктеді. Сондай-ақ құрылыс жұмыстары көлемін арттыру бағытындағы жұмыстың жеткіліксіз екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру қажет.
Тұрғындарды интернет желісімен қамтамасыз ету мәселесі бойынша сәулет, құрылыс, тұрғын үй, коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Жарқын Түндікпаев ақпарат берді. Сонымен бірге республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойында және Биғаш ауылдық округінде антенна діңгекті құрылғысының құрылысы бойынша атқарылған жұмыстар тыңдалды.
- Қазіргі уақытта Көкпекті ауданының 28 елді мекенінде тұрғындар сапалы интернеттің болмауы және білім беру контентіне қолжетімділіктің жоқтығы проблемасымен бетпе-бет келуде. Оптикалық байланыс желілеріне 3 елді мекен қосылған. Бұл Көкпекті, Үлкенбөкен және Преображенка ауылдары. Алайда Преображенка ауылында оптикалық байланыс тек әкімдік, мектеп, ауылдық дәрігерлік амбулаторияға ғана тартылған.
Көкпекті ауданындағы 28 елді мекеннің ішінде «СDMA/EV-DO» сымсыз интернет желісі қызметімен 22 елді мекен, «DAMA» спутникті технологиясы арқылы 1 елді мекен, «ADSL» сымды интернет желісімен 4 елді мекен қамтамасыз етілген. Интернет желісіне қосылмаған жалғыз елді мекен Биғаш ауылдық округіне қарасты Егінбұлақ ауылы.
2024 жылғы 29 қаңтар күні «Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданының Биғаш ауылында радиотелефондық байланыс желісінің жабдығын орналас-тыру үшін биіктігі 30 метр антена-діңгек ғимаратының құрылысы» жұмыс жобасы бойынша оң қорытынды шықты. Бас жобалаушы «КЭЛМОСС» ЖШС. Жалпы смета құны 64, 259 миллион теңге. Құрылыс жұмыстарының уақыты 3 ай.
Бүгінгі күні «КарТел-Билайн» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ қарасты «Кселл-Актив», «Теле2» ұялы байланыс операторларының Көкпекті, Үлкенбөкен, Қ.Аухадиев, Тассай, Үлгілімалшы, Биғаш, Көкжайық, Теректі, Шұғылбай ауылдық округтеріндегі мобильді интернетпен қамтамасыз ету сапасы өте нашар. Қазіргі уақытта бұл мәселелер шешілмеген күйінде қалып отыр, - деді Жарқын Амангелдіұлы.
Интернетпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды үйлестіру аудан әкімінің аппарат басшысы Бек Нұғыбаевқа жүктелді. Шұғыл арада ауылдарда интернетпен қамтамасыз ету сапасына сараптама жасап, жұмысты жандандыру керектігі айтылды.
- Интернетке қол жетімділік өте маңызды мәселе. Бұл жұмысқа жан бітіру керек. Бірінші кезекте оқушылардың лайықты білім алуына жағдай жасау міндет екенін ұмытпайық. Айтып, облысқа хат жіберіп қойып, қарап отыруға болмайды. Биғаш ауылына антенна діңгек құрылысы жобасы бойынша облыстық мәслихатқа қаражат бөлу мәселесі бойынша сұраныс хат жолдаймыз, - деді Ділдәбек Тәжібайұлы.
Мәдени және спорт шараларын мерекелеу бойынша ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Қайратұлы баяндама жасады. Бөлім басшысы шараларды өткізу кезінде оқыс оқиғалар мен келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында тиімді жұмыс алгоритмін ұсынды. Ұсыныстар қатарында шараларды өткізу уақыты белгіленген мерзімнен 14 күн бұрын ішкі саясат бөліміне хабарлау, іс-шараның өту тәртібін бекіту, қоғамдық тәртіпті және медициналық қызметті қамтамасыз ету туралы өзекті мәселелер бар.
Аудандағы криминогендік жағдай туралы Көкпекті аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция подполковнигі Жасұлан Разаев ақпарат берді. Баяндамашы криминогендік жағдай, оның ішінде мал ұрлығы және интернет алаяқтығы туралы тарқатып айтты. Бұл тақырыпта оқырмандар назарына көлемді сұхбат ұсынылады.
Отырысты қорытындылай келе, аудан басшысы бірқатар маңызды міндеттер мен тапсырмалар жүктеді.
- Өткен жылы облыс әкімі Нұрлан Тельманұлы Ұранхаевтың парасатты басшылығымен Абай облысы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша республикада 2 - орын алды. Биылғы жылы бұл бағыттағы жұмыс өте ауқымды болмақ. Көкпекті ауданы да бұл жұмысқа үлес қосуы керек. Бірінші кезекте біздің бірлесіп атқарған жұмысымызға байланысты болмақ. Әрбір мемлекеттік бағдарламаның Көкпекті ауданының көлемінде толық орындауын қамтамасыз етуді талап етемін, - деді Ділдәбек Тәжібайұлы.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.