Салық күнтізбесі

Салық күнтізбесі

5 қараша (5 қарашадан кешіктірмеи) Төлеу: * 2024 жылғы қазанда алынған жеке практикамен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

  • Салық күнтізбесі

    Салық күнтізбесі

    28.11.2024 17:17
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

    28.11.2024 15:11
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

    28.11.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тамыз айының 5 жұлдызында аудан әкімі Асхат Смаилов «Altai» телеарнасына тікелей эфирде сұхбат берді. Сұхбатта көтерілген тақырып «Көкпекті ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына» арналды.
Тележүргізуші Меруерт Расулова.

- Қош келдіңіз! Сұхбатымызды Көкпектінің қазіргі тынысы, келбеті жайлы сауалдарымызбен бастасақ. Бүгінгі таңда Көкпектіге қатысты өзекті мәселелердің бірі ауыз су мәселесі екенін білеміз, оларды шешу жолында ілгерілеу бар ма? Қандай жобаларыңыз, жаңалықтарыңыз бар осыдан бастай отырсаңыз. 

- Сәлеметсіз бе?! Өте орынды сұрақ. Өздеріңізге белгілі Көкпекті шығыстан батысқа 200 шақырымнан артқа созылған бұқтырманың жағалауында орналасқан үлкен іргелі ауыл, төрт құбыласы тең аудан. Халқы мәдениетті, білімді, еңбекқор. Сіздің «Қалдарыңыз қалай?» деген сұрағыңызға жауап бере кетсем, есіңізде болса былтыр осы жерде өздеріңізге сұхбат бергенмін, ол уақытта Көкпекті ауданы әлеуметтік-экономикалық даму жағынан ШҚО бойынша он тоғызыншы орында тұрғанбыз, ал бүгінгі сәтте облыс бойынша әлеуметтік даму жағынан бірінші орынға көтерілдік. Бұл жай ғана көктен алып қоя салған сандар емес, ол мына мен басқарып отырған аудан халқының еңбегінің нәтижесі, өңірдегі еңбекқор азаматтар деп айтып отырғаным да сол. Біз аз уақытта қалайша мұндай жетістікке жеттік, бірінші кезекте өнеркәсіп, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді малдың басын арттыруда біршама жұмыстар атқардық. Ең негізгі жетістігіміз, ірі көрсеткіштеріміздің бірі ауыз су мәселесіне инвестиция тарттық. Атап айтсақ, ауыз су мәселесіне құны 9 миллиард 200 миллионнан асатын жобаларды әкелдік. Қазір 6 ауылда құрылысы басталып, жүргізіліп жатыр. Құрылыс монтаждау жұмыстарының көлемі 3 есе артты. Инвестициямыз 4 есеге, оның ішінде жеке меншік капитал 2 есеге артып жатыр. Салық көлемі 40 %-ға артты, бұл үлкен көрсеткіш, үлкен ілгерілеу деп есептеймін. Бүгінде шағын бизнеспен айналысатын кәсіпорындардың саны артқанының есебінен олардан түсетін салық көлемі де сәйкесінше көбейіп келеді. Осының нәтижесінде біз облыс бойынша бірінші деңгейге көтеріліп отырмыз. Даму әлеуеті жоғары аудандардың көшін бастап тұрғанымызға әрине қуаныштымыз, бірақ бұл Көкпекті ауданы тұрғындарының еңбегінің нәтижесі, ортақ жетістік. Ауыз су мәселесінде соңғы орындарда тұрған едік, ал былтырдан бері 12 ауылдың ауыз су мәселесін шешу үшін 12 жоба даярладық. Бүгінгі күнде оның алтауына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп 4,5 миллиардтың жобасы іске асырылып жатыр. Көкжайық ауылында 1 миллиард 300 миллилонды құрайтын мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп, жоба құрылысы басталып кетті. Сондай-ақ Үлкенбөкен ауылында 1 миллиард 30 миллион қаржы жұмылдырылған ауыз сумен қамту жобасының құрылысы басталды. Көкжота, Құлынжон, Аққала ауылдарында да мемлекеттік сатып алу процедуралары өткен болатын. Қазір ол ауылдарда да құрылыс жұмыстары атқарылып жатыр. Аудан орталығында да ауыз су мәселесі шешімін табу үшін былтырдан бері реконструкция жұмыстары жүргізіліп, біз оған қосымша екін-ші жоба жасадық та бастапқы су беретін қондырғыларын айырбастау жобасын алып шыққан болатынбыз. Оған да республикадан ақша бөлінді, жұмыстары биыл басталады деп жоспарлап отырмыз. Келешекте Миролюбовка, Маринагорка, Преобреженка, Үлгілімалшы деген еңбекқор халық тұрақтанған ауылдарға да мемлекеттік сатып алу процедурасы өтеді, оған келесі жылы қаржы бөлінеді. Бірақ біз тек қаржы бөлінуіне ғана қарап отырмай, мүмкіндігінше өзіміз әрекет жасауға тырысамыз.


Даниал Кенжетайұлының көмегімен тұрғындар саны 200 адамнан аспайтын елдімекендерге шағын блоктық модульдік станциялар қою мәселесін ұсынған болатынбыз. Соған облыстық бюджеттен 4 ауылымызға қаржы бөлінді. Біз аудандық бюджеттен қосымша екі ауылға қаржы тауып, ол ауылдарды жуық арада таза ауыз сумен қамтамасыз ететін боламыз. Жалпы жиыны биылдың өзінде Көкпекті ауданында 20 жоба қолға алынып жатыр. Сонда келесі жылдың қорытындысымен жыл соңына қарай 20 жоба іске асырылатын болса, онда бізде 14 ауыл таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп сеніммен айта аламыз. Тағы бір түйткілді мәселе су келгеннен кейін оны әкетуді де ойлауымыз керек, осыған орай Самар деген үлкен елдімекеннің кәріс жүйесін облыстан берілген қаржының есебінен жөндеп жатырмыз. Одан бөлек біз аудан бюджетінен қаржы бөлуді реттеп, Қараөткел, Раздольный, Ақой, Қарамойыл деген төрт ауылға ауыз су құрылысының жобасын жасап жатырмыз.

-Аудандағы коммуналдық шаруашылықтардың жұмыстары жайлы не айтасыз? Өңірдегі техникалық базаның мүмкіндігі, оны нығайту бағытындағы жұмыстарға тоқталсаңыз.-Экономикалық көрсеткіштер неден құралады? Әрине, шаруашылықтан. Ал біз ауылдық елдімекенде өмір сүретіндіктен, ең бірінші шаруашылығымызды нығайтуымыз керек деп есептеймін. Мен былтыр келе салғанда қолға алған күрделі мәселелердің бірі осы шаруашылықтарды жандандыру болған. Көкпекті және Самар елдімекенінде екі коммуналдық шаруашылығымыз, кәсіпорындарымыз бар. Біз былтырдан бері аудан бюджетінің қаржыларын үнемдеуге көштік. Сол үнемделген қаражаттың есебінен былтырғы жылы Көкпектінің коммуналдық шаруашылық техникаларын жаңартқан болатынбыз. Қыс бойы жұмыс сол техникалардың көмегімен жасалып отырды. Оған халық куә. Биыл Самарға да көңіл бөліп 80 миллионға жуық қаржыға техникалар алып беруді жоспарлап отырмыз. Алды келіп те жатыр, демек барлығы келіп болғаннан кейін біз жоспар құрамыз да шаруашылық кәсіпорындарға тапсырма бере бастаймыз.

Қоңырау шалушы: Тассай ауылының тұрғыны
-Мен кішігірім кәсіппен айналысушы едім. Бізді жол мәселесі қинайды. Көпір, жол қай уақыттарда салынады екен, сол жайлы білейін деп едім.-Тассайдың жолы жайлы көп сұрақ қойылады. Әлеуметтік желілерге де жазылып жүр. Шынын айту керек, жоғарыдағы басшыларға да жазып жатыр екен. Тассайдың 18 км жолы қараусыздықтың салдарынан қатынасқа қолайсыздық тудырады. Мысалы қар дұрыс күрелмейді, мүмкіндік аз. Көктемде еріген қар жолдың шетіне ағу үшін, қыста қарды жолдың жиегіне қарай итеріп тастау керек. Ал бізде жолды шала-шарпы ашып қояды, ерігенде барлығы жолдың тоғанында қалып қойып, бұзылуына әкеліп соғады. Тассайдың өзіне келсек, жолының бойында көпір бар, оны жөндеуге биыл облыстық бюджеттен 56 миллион теңге қаржы алдық. «Семей-Көркем Строй» деген мердігер құрылысын ұтып алды. Енді жөндеу жұмыстары басталады. Көпір аяқталғаннан кейін, 531 миллион теңгеге Тассайға дейінгі 18 км жолды жөндеуге барлық құжаттарын түгендеп, республикаға ұсыныс беріп қойдық. Ол 2020-2021 жылдарға екі бөліп жөндеу жобасына енді. Өйткені жоба құны өте қымбат. Біз 531 миллионды бірден ала алмайытынымызды ойлап, екіге бөліп жоба жасадық, бұл іске республикалық бюджеттен келесі жылдан бастап қаржы бөлінеді деген үміттеміз. Елге түсінікті болу үшін айта кетуім керек, бізде бұл жалғыз Тассайдың жолы емес, Үлгілімалшы ауылына дейін баратын жолымыз мүлде адам көргісіз. Мына Үлкенбөкеннен бастап Көкжайыққа дейін, Көкжайықтан Үлгілімалшыға дейін жол жоқ деп те айтуға болады. Біз бұл жолдардың барлығына қазіргі таңда жобалар жасап жатырмыз таяу арада республикаға үш жылды қамтитын жоба енгізуді көздеп отырмыз. 

Қоңырау шалушы: Көкпекті ауылының тұрғыны
-Көкпекті, Самар ауылдарында абаттандыру мәселесі бойынша өте көп, қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр. Енді осындай жұмыстар шағын ауылдарда көрініс таба ма? Қандай жоспарларыңыз бар?- Біздің ауданға қарасты 52 елдімекен бар, 17 ауылдық округ, оның ішінде Көкпекті және Самар сияқты ірі елдімекенде тұратын халықтың үлесі 40 %-ды құрайды. Дегенмен шалғайдағы елдімекендер еш уақытта біздің назарымыздан тыс қалмаған, қалмайды да. Келешекте біз елге елді қосуды да жоспарға алып отырмыз. 15 адамға қасына тағы 5-10 жанұя қосылып жатса елге ел қосылу деген осы. Біз олардың клуб үйлерін жөндеп жатырмыз, таяуда лентасын қидық, медициналық пункт мәселесін шешіп беріп жатырмыз, ол жерде тағы бір дәрігерге жұмыс табылады. Өткенде жолын әдемілеп жөндеп бердік. Шалғай жатқан ауылдарға ерекше мән беріп, үнемі бақылауда ұстаймыз. Барлық көрермендерге түсінікті болсын, мен әр дүйсенбі күні Көкпектіде, екінші күні Самарда тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдаймын. Бұл арқылы тұрғылықты халықтың мұң-мұқтажы мен арман-тілектерінен хабардар болып отырамын. Қойылған сұрақ өте орынды. Самар мен Көкпектіге ғана көңіл бөле бермей, басқа 50 елдімекенді де назардан тыс қалдырмауымыз керек. Бірақ ол үшін қаражат табу керек. Оны қайдан табамыз? Үнемдеуіміз керек, қосымша қаржы түрлерін қарастырып, оны ұтымды түрде пайдаланып, барлық өңірге жұмсауымыз қажет. Бір мезетте барлық мәселені шеше алмаймыз, оған біраз уақыт керек. 

Қоңырау шалушы: Көкпекті ауылының тұрғыны
- Кеш жарық, құрметті Асхат Сайдахметұлы! Осы облыс көлемінде Көкпекті ауданынан басқа аудандардың бәрінде денешынықтыру және сауықтыру кешені бар. Көкпекті ауданын да денешынықтыру және сауықтыру кешені салына ма? Салынса қашан салынады?-Иә, әлбетте, салауатты өмір сүруіміз қажет. Кезінде Көкпекті спорты дамыған, дүркіреп тұрған аудан болған. Спорт мәселесінде расында аудан орталығында спорттық кешен жоқ. Бір жалғыз спорт залы бар, оның өзі шағын. Соған қарамастан онда күрес түрлерінен дайындықтар өткізіледі. Болашақ чемпиондардан үміт күтіп отырмыз. Бұл мәселені былтыр мен келген бетте қойған болатын. Биыл «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасына ілігіп 780 миллион теңгенің жобасы мақұлданып, биыл 400 миллион теңгесі бөлініп Көкпектіде спорттық кешен бой көтергелі жатыр. - «Рухани жаңғыру» мәселесіне келсек. Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын абыроймен атқару қазіргі күні баршамыздың ортақ парызымызға айналды. Жалпы осы бағытта қандай жоспарларыңыз бар? Көкпекті ауданының алға қойған бір жобалары бар шығар. Халыққа таныстыра отырсаңыз. - Жобаларымыз бар, дұрыс айтасыз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы дер кезінде, қажет кезінде ұсынылған деп есептеймін. Осыған байланысты біз былтыр алғаш рет облыстық «Жігіт сұлтанын» өткізген болатынбыз. Биыл Ұлы бабамыз Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Самар ауылында бас ақы-нымыздың мүсінін қоюды жоспарлап қойдық. Соның аясында ән-күйге бөлеп, жастардың басын қосқан той жасамақ ниеттеміз. Бұл мерекені өткізген соң, халықаралық «Толағай сұлтаны» атты 9 түрлі сайыстан тұратын фестиваль өткіземіз. Ол жайлы келісіліп тиісті деңгейдегі басқармалармен жұмыс жасап жатырмыз. 

Қоңырау шалушы: Үлкенбөкен ауылының тұрғыны
- Сәлеметсіздер ме?! Менің атым Серікқайша, Үлкенбөкен ауылының тұрғынымын. Бұл ауылда мен көптен бері тұрамын. Мені толғандырып жүрген мәселелердің бірі ауыл тұрғындарының кездесуінде А.Смаиловқа ауыл клубының жөнделуі жайлы сұрақ көтерілген еді. Менің білейін дегенім ауылдық клуб үйіне жөндеу жасала ма?- Клуб мәселесіне де, мәдениет мәселесіне де көңіл бөліп жатырмыз. Ауыл жұртшылығымен кездескенде бұл сұрақтың көтерілгендігі рас, тіпті бірнеше рет қойылған. Биыл мен бюджеттен үнемделген қаржыны осы іске әдейілеп бөліп отырмын, қазірге клуб үйінің төбесін жөндеп, жылу және электр энергиясын тартатын боламыз. Қалғанын басқа бюджеттен үнемдеп іші-сыртын жөндеуге кірісеміз. Егер мен халыққа жөндеп берем деп айтсам, демек ол жөнделеді. Үлгілімалшы, Шәріптоғай, Биғаш, Палатцы, Шұғылбай ауылдық округтерінде де клуб үйлері қараусыздықтан қаңырап бос қалған. Осының барлығын келесі жылы облыстық бюджеттен қаржы алып жөндейтін боламыз. 

Қоңырау шалушы: Ұзынбұлақ ауылының тұрғыны
-Мен Ұзынбұлақ ауылынан қоңырау шалып тұрмын, біздің ауылымыз кезінде дүркіреп тұрған ауылдардың бірі еді, халық көп, бірнеше дүкен, мектеп бар болатын. Қазір халық аз, 10 шақты үй ғана қалды. Енді осы ауылымызды қайта қалпына келтіруге бола ма?-Иә, Ұзынбұлақ өңірінің мәселесінен хабардармын. Менің білуімше, мектепті меншікке сатып жіберген, мен енді оған мемлекеттің ақшасын сала алмаймын. Ал ауыз су мәселесін келесі жылға жоспарлап қойғанбыз. Электр энергиясы бар, желілік байланыс орнатылған. -Асхат Сайдахметұлы, өкінішке орай тікелей эфир уақыты шектеулі, бізге берілген уақыт осымен тәмәм. Уақытыңызды бөліп келіп, жоспарларыңызбен бөліскеніңізге рахмет! Жоспарлар ауқымды сияқты, игі істеріңізге біз тек сәттілік тілейміз!

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз