5 қараша (5 қарашадан кешіктірмеи) Төлеу: * 2024 жылғы қазанда алынған жеке практикамен...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
Мансаптың да, қызметтiң де, атақтың да, байлықтың да дәрiгер үшiн құны көктиын. Дәрiгерге ең қажетi - адамның денсаулығы, оның тағдыры. Үмiтке үмiт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастыратын да осы дәрігерлер. Осындай бiлiм мен мейiрiмдiлiктi ұштастыра бiлген ақ халатты абзал жандардың төл мерекесі қарсаңында аудандық орталық ауруханада «жалпы тәжірибелік дәрігер» яғни, отбасылық дәрігер қызметінде жемісті еңбек етіп, халықтың алғысына бөленіп жүрген білікті мамандардың бірі - Қымбат Жанатбекқызы Күйеубаева жайлы сөз қозғағанды жөн көрдік.
Қымбат Күйеубаева 1990 жылы Тассай ауылында дүниеге келген. Бала кезінен ақ халат киіп, елге жақсылық жасаймын деген ниеті жауапты да, күрделі медицина саласына деген алғашқы қадамдарының бірі болған іспетті. Жұртқа жанашырлық танытып, жарақаттан айықтырам деген шешімге ата-анасының бағыттауымен әсіресе қазіргі таңда зейнеткер, бұрын Өскемен қаласында медбике болып жұмыс істеген әкесінің қарындасы Гүлжанат апаның ықпалы зор болғандығын айтады. Абзал жан 2008 жылы Семей мемлекеттік медициналық университетіне оқуға түседі. Оқуын тәмәмдаған маман елге оралып, аудандық орталық ауруханада 2015 жылы 3-тамызда бірінші жұмыс күнін бастаған. Алғашқы күннен бас-тап жұмысына жауапкершілікпен қарап, алдына келген жандардың барлығына қолынан келген көмегін аямай келе жатқандығын айтады. Оның айтуынша емделушілерді науқас деп қабылдамайды, оларды ата-әже, аға-бауыр ретінде қарсы алып, ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс жасауға тырысады. Әрбір емделушіден жақсы энергия алып, жұмысқа деген белсенділігі одан әрі күшейетіндігін айтып өз мамандығын сүйіп, мақтан ететіндігін тілге тиек етті. «Бұл саладағы ең қызықты әрі сүйікті ісім - балалармен жұмыс істеу. Жүректері кіршіксіз сәбилердің дертке шалдықпауы үшін аянбай еңбек етемін»- деді абзал жан. Қымбат Жанатбекқызының медицина саласына келудегі басты мақсаттарының бірі науқастардың хал-жағдайларын жақсарту, ауыр күйдегі емделушілердің санын азайту.
Басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса ем іздеп, бәріміз алдына баратын дәрігерлер қауымының қоғамдағы орны ерекше. Сондықтан адам өмірінің арашашылары, мамандықтары қай уақытта болмасын ерекше маңызға ие болатын, медицина саласының қызметкерлерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!
Айдын ТОҚСАНОВ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.