5 қараша (5 қарашадан кешіктірмеи) Төлеу: * 2024 жылғы қазанда алынған жеке практикамен...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
Шығыстың тарихқа толы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында «Тұғыры биік Тарбағатай» атты халықаралық спорт және өнер фестивалі өтті. Фестивальдің ашылу салтанаты Ырғызбай Досқанаұлы кешенінде облыс әкімі Даниал Ахметовтың қатысуымен өтті. Тарбағатай төсінде балуандар белдесіп, шаршы алаңда былғары қолғап шеберлерінің жекпе-жекке шықты, азулы ақындар жырлап, жүйріктер жүйткіді, танымал «МузАРТ» тобы гала-канцерт ұсынды.
Сонымен қатар, еліміздің тарихында бұрын соңды болмаған 140 шақырымдық аламан бәйге өтті. Қалба мен Тарбағатайдың арасын жалғаған жарысқа жүзден аса жылқы қосылып, тек 11 тұлпар ғана мәре сызығын кесіп өтті. Халықаралық деңгейде өткен шарадан Көкпекті халқы да тыс қалған жоқ. «Ұлы дала қазанаты» атанған 140 шақырымдық бәйгенің 9 жүлдесін Көкпекті ауданы тікті. Бір қызығы бас жүлдеге тігілген «Нива» автокөлігіне ие болған тарбағатайлық «Қызкүрең» атты қас жүйріктің үстінде 8 сағат талмай шапқан тақымы тастай шабандоз көкпектілік Руслан Шайырғазин. Аты алашқа мәлім атақты атбегі құлынжондық Жанабыл Шайырғазиннің ұлына Қалбадан Тарбағатайға талмай шапқан Қызкүрең сәйгүліктің иесі арнайы қолқа салып, көптің тақымы шыдай бермейтін қашықтықта тізгін ұстауды сұраған екен. Екпін ауылындағы атшабарға жиылған жылқысүйер қауым мәреге жақындаған жануардың арынына тамсанды. Үлкендер «Аруақ» деп медеу қылса, жастар бөрігін аспанға атып, алақайлады.
Ежелден етене жақын көршілес аудандағы ұлы дүбірге Көкпекті ауданының қосқан үлесі осымен шектелген жоқ. Аудандық мәдениет үйі арнайы киіз үй тігіп, Ақсуатқа келген тойшы қауымды қонақ қылды. Аудан әкімі Асхат Смаиловтың атынан айтыс жанашыры, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман Молдашұлы мен Халық ақыны Абаш Кәкеновке шапан жауып құрмет көрсетілді.
Әулие Ырғызбай Досқанаұлы атындағы қазақ күресінен әлемдік гран-при жжарысында қазақтың бас палуаны Айбек Нұғымаров топ жарды. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде көкпектілік жас өрен Өскен Төлеубек жеңіс тұғырынан көрінді. Ақтық сынға дейін 4 белдесуін шебер ұтқан Өскенге грузин палуанына қарсы соңғы күресте сәттілік жетіспей қалды. Сонда да, жігері мұқалмаған палуан келесі жарыстарға әлден дайындықты бастап кеттім дейді. 15 елдің кіл мықтысы жиылған сұрапыл топта ауданның атын шығарып, абаройымызды асқақ еткен Өскен ұлына деген жерлестерінің алғысы шексіз.
Үш тәулік бойы қызығы тарқамаған Тарбағатай төріндегі өнер мен спорт фестивалінен арнайы репортаж аудандық газеттің алдағы санында жарық көреді.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.