«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ су тасқынынан...

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Мечеть Махмут-бей в деревне Касаба в Кастамону — последнее сооружение на маршруте анатолийских...

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамонудағы Қасаба ауылындағы Махмут бей мешіті Анадолы ағаш мешіттерінің жолындағы соңғы...

  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10
  • ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    08.04.2024 07:13
  • Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    04.04.2024 05:04
  • Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    04.04.2024 05:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауызын аққа кенелткен ақ адал малының амандығын тілеген шаруалар шабындық маусымының бір күнін шашау шығармай жұмысқа мығым кіріскен. Қыстаққа мал азығының мол қорын дайындау - қазір басты міндет. Ала жаздайғы аптап ыстық аз-ақ күнде шегініп, күздің кешкі салқыны мезгіл өзгеретіндігін сездіре бастады. Сонымен, күз де келеді. Бұл енді «балапанды санайтын уақыт». Не шаруа тындырылды? Ауыл тірлігі не болып жатыр? Қыр астындағы қысқа әзірліктің шамасы қандай? Осы сұрақтар төңірегінде әңгімеміз өрбімек. 
Шабындық маусымындағы аудандағы шаруалар бүгінде еңбек майданының бел ортасында. Көкпекті аудандық ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің бас аграномы Жанат Көпесовтан білгеніміздей, осы жылы ауданда мал азығын дайындау бүгінгі уақытта шөптен 154 мың тонна, пішендемеден 10 мың тонна, сүрлемнен - 45 мың тонна, сабаннан – 5 мың тонна өнім алуды көздеп отыр. Шөп шабу науқаны басталысымен аудандағы барлық округтер шаруагерлеріне өздеріне тиесілі жерлерін белгілеп, маусым айының ортасынан шабындыққа шалғы түсірді. Көкжайық ауылдық округіне қарасты «Рустам» ШҚ жол түскенде, шөп шабу науқаны жалғасып, еңбек науқанын еңсеріп тастапты. 500 жүзден астам жылқысы, 200 мыңдай ірі қара малы бар, сондай-ақ, егін шаруашылығымен айналысатын «Рустам» шаруа қожалығы қысқа бек дайын. Бұл ауданымыздағы бетке ұстар үлкен шаруашылықтардың бірі.

 

ЕҢБЕККЕ ЕЛДІ БАСТАҒАН, ЖАНЫ ЖОМАРТ ЖАҚСЫ АДАМ
«Ер жігіт екі сөйлемейді» дегенді көп естиміз. Бірақ, «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» дегендей, нарық заманында алыс-берістің ауылы кейбір азаматтардың қолына да, жолына да тұсау салғаны белгілі. Осы тұрғыда енжарлықтың қамытын еңбекке айырбастағандар да бар. Олардың болашағы жарқын. «Елде болса, ерінге тиеді» дегендей, халыққа да шапағаттары тиіп жатыр. Сондай жомарт азаматтардың бірі алдына көмек сұрай барғанға «жоқ» дегенді айтпайтын, айтқан уәдесінде тұратын Ақойлық кәсіпкер Қайрат Советханұлы Дюсембаев жайлы және оның дөңгелетіп отырған кәсібі жайында айтпақшымыз.
Құс қанаты талатын қыран даланың ұландары да сертке берік, еліне серік болып туады емес пе?! Осы тұрғыда Қайрат Советханұлының туған жерге деген ықыласын жомарттығынан-ақ білуімізге болады. Ең бастысы, ол кісі қолында барын аямайды. Ақой ауылындағы орта мектептің спорт залына құны 500 мың теңге тұратын палуандардың кілемін сыйға тартқан болатын. Ежелден-ақ жетімі мен жесірін жылатпаған халық екенімізді үнемі айтып жүреміз. Қайрат сондай сауапты істің үнемі алдыңғы шебінде жүреді. Ауылдағы аз қамтылған және жартылай жетім балаларға көмегін көрсетіп келеді.
Қайраттың қожалық ашып, жұмыстануына ағасы Болат ақыл қосса, бауырлары Саят пен Қанат ең бірінші кезекте жәрдемшілері. «Еңбекпен тапқан нан тәтті» демекші, ақойлық еңбекқор жігіттің туған жеріндегі шаруасы көпке үлгі боларлық. Сондай-ақ, өзінің туған ауылы Ақойға «Жаңаталап» тойханасын және ауылдастарының денсаулығын бірінші орынға қойған елжанды азамат медициналық бөлімшесін де сыйға тартты. Ауданымыздың негізгі бренді - мал шаруашылығы екені мәлім. Қазақтың төрт түлігін де жосылтып отырған азамат өзінің қарамағында жұмыс істейтін жұмысшыларының жағдайларын да бірінші орынға қояды. Халқымыз «Ер азаматтың мойнында қыл арқан шірімейді» дегендей, қандай істі қолына алса да, соны көтеріп, тұғырға шығаратын қасқыр жүректі, қыран сынды азаматтар барда елдің де, егемендіктің де ғұмыры ұзақ болары анық. Алшаңдап басқан атымтай жомарт кәсіпкерге еңбегің жансын дейміз!
ТАҢМЕН ТАЛАСА ТҰРҒАНДАР
«Рустам» ШҚ қарай шыққанымызда жол бойы пішеншілерге жолықтық. Жаз бойы сайлаған техникаларын еңбек майданына салып, көк майсаны орай шапқан шөпшілер жұмысы таңертең ерте басталған. Таңмен таласа тұрып, ерте еңбекке араласатын пішеншілер жұмысы оңай емес. «Рустам» шаруа қожалығының бригадирі Қалел Қазизұлы Оразбаевтың айтуынша, қазір бұл бригадада 11 бірлік техника жұмыс жасауда. 
- Жұмыстың басталғанына біршама уақыт болғанына қарамастан, пішеншілер жүзден аса орама дайындап үлгерген. Жалпы «Рустам» ШҚ қазіргі таңда шабындықта екі бригада күндіз-түні жұмыс істейді. Сондай-ақ, бізде 4 комбайн және 20 шақты тракторлар бар. Өрт қауіпсіздігін сақтай отырып, мол өнім алуды көздеген бұл қожалықта Серік Елемесов, Қуат Сатыбалдин, Слямбек Боранбаев, Дамир Көшімбаев, Амангелді Баймадиев, Самат Садвақасов, Евений Ахраменко, Ахат Нұртазин, Руслан Ахметов, Алмұрат Бекмұхамбетов сынды тракторист-комбайншылар еңбек етуде, - дейді Қалел Қазизұлы. Тағы бір шабындық кезіндегі басты мәселе - қауіпсіздік. Бұл туралы да бригадир аға өз ойын ортаға салды: 
- Орақ науқаны басталып, мал азығын дайындау барысында басты қаперге алатыны – қауіпсіздік. Соған орай, биыл дала өртінің алдын алу үшін түсінік жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Тракторшылар өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында өрт сөндіргіш құрал, киіз, сапалақ, күрек секілді керек-жарақтарын өздерімен бірге алып жүреді. Маңдай термен келген еңбектің қызығын көремін деген шақта шапқан шөп пен техниканы «тілсіз жау» жалмап кетсе, кім-кімге де оңай тимесі анық.

Сондықтан, әр шаруагер еңбегі еш кетпеуі үшін қауіпсіздікті қатаң сақтағаны абзал, - деді ол. 
Биылғы жылы алған су жаңа «Есіл 750» комбайнын алған қожалық пішеншілері жұмысқа тың қарқынмен кіріскен. Осыдан қара күзге дейін бел жазбай жұмыс жасауға тәуекел еткен механизаторлардың мақсаты – межелі мал азығын жинап алу.
Биылғы орақ маусымында жұмысын тиянақты жасап, шабындыққа асқан ыждағаттылықпен түскен комбайншылардың бірі – Серік Елемесов. Ол осы шаруашылықта 6 жылдай еңбек етуде. Әкесі Бекен ағаның жолын қуып ЕSHО-303 неміс маркалы комбайнмен шөпті шабуда. Серік жұмысшыларға барлық жағдай жасалғандығын айтады. Қазіргі таңда отанасы Иринамен 18 жылдай шаңырақ көтеріп екеуі 6 баланы тәрбиелеп өсіруде. 
Еразаматтың жігерінің жасымай, қажырлы еңбек етуіне қосағының да тигізер ықпалы зор. Зайыбы Ирина отағасының ақылына ақыл қосып, әрдайым қолдау берумен келеді. Техникаға бала кезінен жақын Серік - ұжымына байсалды мінезімен сыйлы жан.
- Біздің кәсіпте ұйымшыл болу өте маңызды. Мәселен, жүргізіп жүрген көлігіміз сынады, бәріміз бірігіп жөндейміз. Кез-келген жағдайда қасыңнан табылып, қолдау көрсететін ұжымда істегеніме қуаныштымын, - деді әңгіме арасында ол. Бала күннен еңбекке етене араласқан Серік еңбекқор жан. Кейінгі жас ұрпаққа өнегелі ісімен, байыпты байсалдығымен үлгі бола білген қарапайым еңбек адамы.Табиғаттың сыйын жинап алып, қыстан қысылмай шығуды көздеп жүрген қожалықтағы жігіттердің бірі қарайым тракторшы Рустам Ахметов. 
Трактордың құлағында ойнайтын Рустам ауылдастары, ұжымы арасында да сыйлы. Біз Рустамды егіс басында қызу еңбек майданында жүрген жерінде сөзге тарттық.
- Осы табиғаттың берген сыйын дер кезінде жинаудамыз. Қазір шөп шабу жұмысы аяқталуды, енді шөп тасу жұмысын бастаймыз, - деді қарапайым ауыл азаматы. Рустаммен астыңдағы темірің тозса да, жаның тозбасын деген тілекпен қоштастық.
Ауылда туып өсіп, туған жеріне оралып, ауыл шаруашылығының өркендеуіне үлесін қосып жүрген жандардың бірі Самат Жұмабекұлы Садуақасов. Ол Көкжайық ауылында ержетіп, еңбек жолын өзінің туып-өскен ауылынан бастады. Әке тәрбиесін көріп, жастайынан еңбекқор бала атанған Самат мал азығын дайындау науқанына қызу кірісуде. 
- Негізгі шаруамыз мал өсіру болғандықтан, біздегі бүкіл тірлік осы төңіректе топтастырылған деп айтуға болады. Қазір жұмыстың нағыз қызған шағы. Біз қолға алынған жұмыстарды сенімді түрде атқарамыз. Шаруа қожалығы тарапынан жасалып жатқан қаржылай көмек, материалдық ынталандырулар көп көмегін тигізді, - деп өз ойын білдірді егін майданында жүрген еңбекқор жігіт. 
Мал азығының мол қорын жасақтауда мүмкіндікті тиімді пайдаланып қалуға тырысқан шаруалар, күн-түн демей, бел жазбай жұмыс істеуде. Нәтижесінде мол жеміске кенелетінін ауыл еңбеккерлері жақсы түсінеді. Олай болса күзгі шаруаның сапалы атқарылуы көп мәселенің түйінін шешеді. Малдың қоң жиятын кезі де осы. Нақ осы тұста қора-қопсысын келістіріп жөндеп, жем-шөбін мол дайындап алған шаруа қыстан қысылмасы анық.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз