ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жаттықтырушы Руслан Жүнісовтың шәкірттері Қарағанды қаласында өткен «Алтын бала» әлем чемпионатының 2 күміс және 1 қола жүлдесін еншіледі. NOMAD MMA аралас жекпе-жек өнері бойынша өткен жарыста Көкпекті орта мектебінің оқушылары Ансар Болатов қола медаль, Динияр Галиев пен Ернұр Қайырлы күміс медаль жеңіп алды.
«Алтын бала» чемпионатын Nomad MMA Бүкіләлемдік федерациясы және Қазақстанның жекпе-жек өнері Республикалық Одағы ұйымдастырған. Турнирде 17 елден келген 10-17 жас аралығындағы 530 спортшы бала бақ сынас-ты. Елімізде Nomad аралас жекпе жек өнерінің ең алғаш таралған аумағы болып саналатын Қарағандыда өткен жарысқа біздің ауданнан барлығы 23 бала қатысты.


Аралас жекпе жек өнерімен төртінші айналысып жүрген 9 жасар Динияр Галиев үшін бұл әлем чемпионаты алғашқы үлкен жарысы. Шынашақтай ғана батыл жеткіншек «Алтын бала» турнирінде 4 жекпе жек өткізіп, оның үшеуін айқын басымдықпен аяқтаған. Ақтық сында ғана тәжірибесі басымдау қарсыласына ұпай санымен жол беріп, күміс жүлдені місе тұтты. Бірақ, жанары жалын атып тұрған жүректі жастың оған қаймыққан түрі жоқ. «Геннадий Головкин сияқты әлемге танымал спортшы болам», - дейді Динияр. Талабыңа нұр жаусын!
Мектеп әкімшілігі жеңімпаз өрендерді салтанатты жағдайда құттықтап, демеушілерге алғысын білдірді. – Білікті жаттықтырушы Руслан Жүнісовтың еңбегімен аралас жекпе-жек өнері ауданда соңғы уақытта жылдам қарқын алып келеді. Түрлі жарыстардан табыс-ты оралып жүрген жеңімпаздарға қарап, мектеп оқушыларының спортқа деген қызығушылығы күн сайын артуда. Жастарымыздың алдағы уақытта әлемдік додаларда ел намысын қорғап, көк туымызды желбіретініне мен сенімдімін, - дейді мектеп директоры Аслан Танысбаев.
Әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткен жас спортшыларға қаржылай қолдау танытқан Айдын Ибрагимов, Александр Бойков, Виктор Виничук сынды жергілікті кәсіпкер азаматтар.


Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз